Спорт/Шоу-Биз

Қайрат Нұртастың әйеліне бәсекелес пайда болды

1
(1)

Халықаралық байқауға тағы бір қазақстандық – Аяна Сұлтанбекова қатысады. Ол Орталық Азия атынан шықпақ, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Дүниежүзіндегі ең сұлу әйел байқауында екі қазақстандық бақ сынайды.

Жұлдыз Әбдікәрімова Қазақстан атынан шығады. Ал астаналық 32 жастағы Аяна Сұлтанбекова Орталық Азия атынан қатысады.

Байқаудың www.mrsuniverseltd.com ресми сайтында Аяна Сұлтанбекова Қазақстаннан екені жазылған. Алайда Қазақстаннан бір қатысушы болғандықтан, ол сайысқа Орталық Азия атынан барады.

Сұлтанбекова Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласында туған. «Назарбаев Университетінің» «мемлекеттік басқару» мамандығында магистратурада оқиды.

Аяна халықаралық байқауға жеңіс үшін емес, 45 жастан асқан адамдардың жұмысқа орналасу қиындығы мен қайта даярлау бағдарламасына назар аудару үшін қатыспақ.

Бұған дейін Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова Mrs. Univers байқауына қатысатынын айтқан болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button