Спорт/Шоу-Биз

Қазақстан футболшысы чемпион атанды

5
(1)

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский ойнайтын «Беерсхот» футбол клубы Бельгия бірінші дивизионының чемпионы атанды, – деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews сайтына сілтеме жасап.

«Беерсхот» 4:1 есебімен «Левена» клубын жеңді. Вороговский алаңға ойынның 63-минутында шықты. Алғашқы ойында «Беерсхот» 1:0 есебімен жеңген болатын.

Басылымның хабарлауына қарағанда, «Беерсхот» және «Левен» арасындағы ойынның жеңімпазы Бельгия жоғарғы дивизионына жолдама алуы тиіс еді. Бірақ чемпионаттағы клубтар саны кеңейгеннен кейін екі команда да жоғары дивизионға көтерілген болатын.

23 жастағы Вороговский «Беерсхот» клубына 2019 жылдың жазында «Қайраттан» ауысқан еді. Өткен маусымда қорғаушы 19 матч өткізіп, бір гол соқты. Сәуірде Вороговский клубпен келісімшартын тағы бір маусымға ұзартқан.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close