Спорт/Шоу-Биз

Жадо: Толық болған өзіме ұнайды, арық болсам ешкім қарамайды

3
(8)

Арықтау мәселесі қазіргі қыз-келіншектер арасында өзекті тақырып. Олар арықтау үшін, салмақ тастау үшін, түрлі әдістерді жасап көреді. Диета ұстайды, фитнеске жазылады. Арықтаған әйелдердің кеңесіне жүгінеді. Ал, Жадо ханым керісінше арықтағысы келмейтінін айтады.

Белгілі дизайнер Жадо өзінің сымбатына қатысты ойын айтты. Ол өзінің толықтығына көңілі толатынын айтады. Керісінше арықтық оған ыңғайсыздық туғызатын көрінеді.

Бұрынғы биші, белгілі дизайнер Жадо көпшілікке таныс. Мамандығы кәсіби биші болғанымен белгілі бір себептермен би билеуді тастап кеткен. Осыдан соң денесі де толықтай бастаған. Алайда өзі толық сымбатына қанағаттанатынын жеткізді.

«Мен негізі кәсіби бишімін. Би билеп жүрген кезімде салмағым 53 келі болатын. Арық болдым. Сол кезде өзімнің арықтығым үшін ұялатынмын. Неге толмаймын деп уайымдайтынмын. Маған шынымды айтсам, қазіргі сымбатым ұнайды. Бір жерге барсаң да, бәрі бұрылып қарайды. Үлкен болған соң назарда боласың. Ал, арық адамға онша ешкім назар салмайды. Мен елдің көңіл бөлгенін қалап тұрамын. Ешкім қарамай қалса, дұрыс киінбедім бе деп уайымдап қаламын. Қазіргі сымбатым өзіме ұнайды. Ал, артық майларды киіммен жасырамын», – деді Жадо ханым «Ниет» бағдарламасында.

«Көпшілік мені арықтай алмай жүр деп ойлайтын шығар. Олай емес. Қызығы – сымбатыма көңілім толады. Арықтап кетпесем екен деймін. Маған ұсыныс айтады. Спортқа келіңіз деп шақырады. Арықтау турады ұсыныс айтады. Бірақ менде комплекс жоқ», – деді ол.

Бұл бағдарлама қонақтарын да, көрермендерді де қызықтырып қойды. Оны қолдаушылар да, қарсы пікір жазушылар да табылды.

«Әркім өзіне көңілі толуы керек», «Құдай қалай жаратса, солай қабылдау керек», «Толық болған өзіңізге жарасады», «Сізге арықтау керек», «Арық кезіңізде әдемі көрінесіз», деп жазды желі қолданушылары.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 8

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close