Спорт/Шоу-Биз

Мадина Сәдуақасовадан жақындары неге теріс айналды?

5
(1)

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова халыққа барынша ашылып, өмірінде орын алып жатқан өзгерістерімен әлі де бөлісуде. Бұған дейін жолдасымен арақатынасына кірбің түскенін мойындаған әнші енді жанында сыр айтар ешкімі қалмағанын айтып шағымданды, деп Newsroom+ақпарат агенттігі Nur.kz.  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мадина Сәдуақасова желіде өзіне және өміріне қатысты жазбалармен жиі бөлісіп жүруінің себебін айтты. Өнер иесінің сөзінше, бүгінде ол ішіндегі сырын тек Instagram аудиториясына ғана жеткізе алатындай күйге түскен. Өйткені, эстрада жұлдызының қасында оны тыңдап, ақыл-кеңесін айтатын жандар табылмаған. Әншінің жақындары мен құрбылары да онымен сөйлеспей жүр екен. Алайда, Сәдуақасова олардың бұлай істеуіне не себеп болғанын өзі де білмейтін болып шықты.

«Қазіргі сырласым Инстаграмдағы сіздер болдыңыздар. Соңғы уақытта, өйткені менің жақындарым да, құрбыларым да менімен сөйлеспей жүр. Бірдеме дұрыс істемедім ба? Білмеймін», – деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Желі қолданушылары өз кезегінде шоу-бизнес өкілінің бұл жазбасына түрлі пікір білдірді. Кейбіреулер оны барынша қолдап жатса, енді бірі оған желіде отыра бермей жақындарымен қарым-қатынасын жөндеп алуға кеңес берген.

«Әрдайым қасыңыздамын. Еш қысылмай сырыңызды айта беріңіз. Қолымыздан келгенше көмекті, кеңесті аямаймыз», «Инстаграмда отырғанша, жақындарыңмен қарым-қатынасты жөндеп алғаның дұрыс болар», «Адамда ондай уақыттар болып тұрады. Бәрі реттеледі, уайымдама», «Басына іс түскенде сөйлеседі ғой», «Бәрі өтпелі, кішкене сабыр» , «Менде де қазір сондай кезең орын алды» , – деп жазуда халық.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова отбасында түсініксіз жағдай орын алғанын ашық мойындаған болатын. Алайда, әнші ажырасып кеткенін не растаған да, не теріске шығарған да жоқ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button