Спорт/Шоу-Биз

Футболдан Италия чемпионаты мәресіне жетті

0
(0)

Бүгін футболдан Италия чемпионаты мәресіне жетті, – деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат тілшісі  ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Биыл А сериясында Туриннің «Ювентус» командасы чемпион атанды. Туриндік клуб бұл атаққа екі тур бұрын қол жеткізді. Осылайша команда өзінің тарихында 36 мәрте алтыннан алқа тақты.

Нәтижесінде Италия клубтарының арасында бұл жөнінен рекордтық көрсеткішке жетті. Тағы бір айта кетерлігі – соңғы сегіз жылда А сериясында оған тең келетін клуб табылмай тұр. «Ювентус» соңғы турда «Рома» клубымен кездесті. Олар қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

Соған қарамастан чемпиондық атағын сақтап қалды. Биыл екінші орын тағдыры соңғы турға дейін шешілген жоқ. Оған «Интер», «Аталанта», «Лацио» командалары таласты. Соңғы турда «Аталанта» мен «Интер» өзара кездесіп, ойында интерлік футболшылар 2:0 есебімен басым түсті.

Ал «Лацио» сырт алаңда «Наполи» клубынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Нәтижесінде екінші орын «Интерге» бұйырды. Одан кейінгі екі орынды «Аталанта» мен «Лацио» өзара бөлісті. Аталған төрт команда алдағы маусымда UEFA Чемпиондар лигасында бақ сынайды.

Турнир кестесінде бесінші және алтыншы орын алған «Рома» мен «Милан» биыл UEFA Еуропа лигасына қатысады. Биыл А сериясынан «Лечче», «Брешия» және СПАЛ командалары түсіп қалды. Олардың орнын В сериясында алғашқы екі орын алған «Беневенто» және «Кротоне» командалары басты.

Тағы бір жолдама 3-8 орын алған командалар арасындағы плей-офф сатысы арқылы анықталады. Естеріңізге сала кетелік, А сериясы коронавирус пандемиясына байланысты наурыз айында тоқтатылды. Одан кейін 20 маусымда қайта жалғасты.

А сериясындағы алдағы футбол маусымы қашан басталатыны белгісіз. Әзірге ол 12 қыркүйекке жоспарланып отыр. Егер Италия чемпионаты аталған мерзімде басталмаған жағдайда командалар екі дивизион бойынша сынға түсіп, одан кейін плей-офф кезеңіне жалғасуы мүмкін.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close