Спорт/Шоу-Биз

Иманбек Зайкенов: «Өзімді жұлдыз санамаймын»

5
(1)

Әлемге Roses ремиксімен танылған Иманбек Зейкенов қанша елден ұсыныс түссе де Қазақстаннан көшпейтінін мәлімдеді. Бұл ретте ол өзі емес туындысы танымал деген пікірде. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Иманбектің Roses ремиксі «Грэмми»(Grammy) сыйлығына ұсынылғаны хабарланған еді. Дегенмен танымалдығына қарамастан диджей қарапайымдылығын сақтап қалған. Тіпті, ол облыс әкімімен кездесуіне БАҚ өілдерінің қатыспауын сұраған.

«Осылай табан астынан сұқбат беруде сұраған сәтте өзімнің танымал екенімді сезінемін. Өзімді жұлдызбын деп санамаймын. Шындығында танымал мен емес, менің ремиксім – «Roses», – деді Иманбек Зейкенов.

Көпшіліктің көңілінен шыққан ремикс 117 млн рет тыңдалған. Иманбектің туындысы әннің түпнұсқасынан 60 миллионға артық қаралған екен.

«Грэмми»(Grammy) сыйлығына ұсынылған ремиксті жас талантты небәрі 2 сағаттың ішінде жазып шыққан.

Айта кетейік, Иманбек мұндай марапатқа ұсынылған алғашқы қазақстандық. Бүгінде оның 50-ге жуық туындысы бар.

«Мен музыканы жазуды сол алғашқы кездегідей жалғастырып жатырмын. Ескі ноутбугім бар, сонымен жұмыс істеген ыңғайлы. «Демо» жазылымдар жасап, өзімнің «лейблыммен» жіберіп отырамын. Сол жақта қандай әншілерге беріп немесе жеке орындауда шығару мүмкіндігі қарастырылады», – деді музыкант.

Диджей шығармаларын шығару үшін ресейлік компаниямен келісім-шарт жасасқан.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

One Comment

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button