Ғылым

Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арнап мазмұнды конференция өтті

5
(3)

2021 жылғы 31 мамыр күні Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қостанай облыстық білім басқармасымен бірлесе Қостанай өңірінде қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан халқымыздың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұрасы және оның Қазақстандық білім беруді қалыптастырудағы рөлі» атты конференция өтті.  

Конференцияға белгілі ғалымдар, ардагерлер, білім басқармаларының басшылары және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті  Ғ.Бейсембаев, вице-президенттер Н.Пұсырманов, М.Нұрланов, Академия ғалымдары п.ғ.д., профессор Ж.А.Қараев, филос.ғ.д., профессор Ғ.Есім және т.б. қатысты. 

Іс-шара жастар мен аға буын арасындағы байланысты жалғап, жиын  барысында Ы.Алтынсариннің мерейтойы, бүгінгі білім саласындағы өзекті мәселелер мен мектептердің жай-күйі, оның ішінде ауылдық мектептерді дамытудың болашағы, Ыбырай бастамаларының бүгінгі таңда қаншалықты жүзеге асқандығы туралы маңызды тақырыптар талқылануда.  

Ыбырай мұрасын ұлықтап, еліміздің білім саласындағы игі істерін жалғастырушы «қара шаңырақ» Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ағартушы-педагогтің игі бастамаларын насихаттап дәріптеуді  бұдан әрі де жалғастырмақ!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button