Ғылым

Нұр-Сұлтанда «Тұрақты даму мүддесіне сәйкес үздіксіз білім беру: жаңа міндеттер» атты конференция өтеді 

5
(3)

Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша Ы. Алтынсарин ат. Ұлттық білім Академиясы дәстүрлі халықаралық конференцияны ұйымдастырушы ретінде 2021 жылдың 28 мамырында «Тұрақты даму мүддесіне сәйкес үздіксіз білім беру: жаңа міндеттер» атты VII Халықаралық конференцияны өткізеді.  

Конференцияның бірлескен ұйымдастырушылары ретінде:  Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ-ның  үкіметаралық ұйымы (ЮНЕСКО), Әлемдік үздіксіз білім беру комитеті (Франция), Назарбаев Университеті», «Баршаға арналған үздіксіз білім беру» Қоғамдық Бірлестігі (Ресей), ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру институты, Гонконг білім беру институты жанындағы  ЮНЕСКО-ЮНЕВОК орталығы (Гонконг),  Ресей білім академиясының білім беру стратегиясы мен теориясы институты және т.б. қатысады. 

Конференция 7 жыл ішінде халықаралық құрметке ие болған, жыл сайын өткізілетін көлемді форумға айналды. 

Конференцияның негізгі мақсаты – тұрақты даму мүддесіне сәйкес үздіксіз білім берудің өзекті мәселелерін талқылау және үздіксіз білім беру саласында халықаралық форум үшін диалог алаңын құру.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі және оған қарасты республикалық, облыстық ұйымдардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының білім басқамаларының өкілдері, сонымен қатар, ЖОО мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары, кадрларды қайта даярлау және кәсіби біліктілікті арттыру институттары, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, Франция, АҚШ, Ресей, Польша, Италия, Беларусь, Гонконг, Өзбекстан, Тәжікстан және т.б. елдерден білім саласындағы шетел ғалымдары мен халықаралық сарапшылар қатысады. 

Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданады.

Конференция онлайн форматта өткізіледі. 

Пленарлық отырыстың басталуы: сағат 10:00-де, 28 мамыр 2021 жыл.

Панельдік сессиялардың басталуы: 14:30-да, 28 мамыр 2021 жыл.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button