Ғылым

Ресей Жаңа Университеті талапты талапкерлерді күтеді

5
(1)

Қазіргі заманның ең басты құндылығы білім екені белгілі. Әсіресе, бар әлемге таралып, баршаны әбігерге салған коронавирус індетінен кейін адамзаттың бірқатар құндылығы мен қажеттілігіне байланысты көзқарастар күрт өзгерді. Сол қажеттіліктердің бірі – білім беру саласы.

Індет күшейген кезде оқу онлайн форматқа ауысып, білім алудың тың мүмкіндіктері де сынақтан өткені жасырын емес. Яғни онлайн білім беруде әр оқу орнының мүмкіндігі, технология дәуіріндегі модернизацияға дайындығы, білім алушыларды онлайн оқытып, оларға оффлайн оқығандай тең мүмкіндіктер ұсына алуы т.б мәселелер ең өзекті күн тәртібінде тұрған жайт болды десек артық айтпаймыз.

Осы орайда Ресейдің Мәскеу қаласындағы Жаңа Университет туралы тілге тиек ете кетейік. Ресей Жаңа Университеті 1991 жылы құрылған. Содан бері отыз жылға жуық уақыт білім саласының жаңалығына бейімделіп, түрлі тәжірибелерді өткеріп, жыл сайын дамудың жаңа сатысын бағындырып келе жатқан жетекші жоғары оқу орны. Әлбетте, пандемияға дейін оффлайн білім беріп, сырттай оқу мүмкіндігін де ұсынды. Жоғарыда айтқанымыздай, пандемия салдарынан онлайн білім беру платформалары қарқынды іске қосылғандықтан, Ресей Жаңа Университеті де бұған бет бұрды. Электроэнергетика және электротехника, ақпараттық жүйелер және технология, қолданбалы математика және информатика, наноинженерия, туризм, жарнама және қоғаммен байланыс сынды т.б салаларда оқытатын университетте білім беру ауқымы кең. Сапалы білім беру мақсатында университет жанынан гуманитарлық институт, бизнес технология институты, экономика, басқару және қаржы, салық институттары құрылған. Жоғары оқу орны жанына ашылған колледж де талапқа сай жұмыс істеп келеді. Білім алушыларға бар жағдай жасалған. Әрі оқу ақысы да қолжетімді.

Жыл сайын Ресей Жаңа Университеті бакалавр және магистратура бойынша талапкерлер қабылдайды. Биыл да бұл үрдіс жолға қойылған. 2021-2022 оқу жылы оқу қашықтықтан жүргізіледі. Яғни оқу процесіне сай күндізгі сырттай бөлімде білім алу 43 700 рубльді, ал сырттай бөлімде білім алу 38 000 рубльді құрайды. Ал магистратура бойынша оқу ақысы –  60 000 рубль. Атап өтерлігі, қашықтан білім алуға талапкерлер қабылдау осы жылдың 15 қазанына дейін жүргізіледі. Толық ақпаратты 8-701-724-69-93 сондай-ақ 8-777-269-01-56 байланыс нөмірінен білуге болады. Бұдан өзге университеттің сайтына кіріп, оқу барысымен, жаңалықтармен, факультеттер және іс-шаралармен жан жақты танысуға жол ашық. Бұл тұрғыда жоғары оқу орны қолжетімді ақпаратпен кең қамтылған. Қашықтан оқудың ең басты мүмкіндіктері – уақытты үнемдеу, жүріп-тұруға шығынның кетпеуі, сондай-ақ өткен сабақтардың бәрі жазбаға жазылып, түсінбеген тұстарды қайта қарап, қорыту мүмкіндігін, өзіңізге қажетті ең маңызды дағдыларды дамыта алу, ақыр соңында еңбек нарығында жоғары бағаға ие болатын диплом алып, табысты еңбек жолын бастауға жол ашады. Бұл жыл сайын білім берудің құны артып келе жатқан заманда таптырмас мүмкіндік деп біліңіз. Ресей Жаңа Университеті даму жолына түсіп, білім-ғылымды жетік меңгеріп, таным көкжиегін кеңейткісі келетін әр талапкерді асыға күтеді!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Бір пікір

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button