Ғылым

Астана медицина университетінің түлектеріне диплом табысталды

Egemen.kz дереккөздеріне сүйене отырып, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Астана медицина университетінің түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты, деп newsroom.kz хабарлайды.

Салтанатты рәсім «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтті. Түлектерге арнаған сөзінде Ералы Тоғжанов еліміздің денсаулық сақтау және білім беру саласындағы бірқатар жетістіктерін, сондай-ақ университет студенттерінің пандемиямен күреске атсалысқанын ерекше атап өтті.

«Қызыл диплом алу үшін қаншалықты тер төгілгенін білемін. Медицина мамандығын меңгеру қиын. Бүкіл ел COVID-19 пандемиясына қарсы тұрған кезде, сендер жастарыңа қарамай, вируспен күресуге аға толқынмен қатар ат салыстыңдар. Оқуды сәтті аяқтағандарыңа өте қуаныштымын», деді ол.

Денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы университеттің рөлін ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Вячеслав Дудник те атап өтті. 

«Мен университеттің табысты дамуы адами капиталдың өсуіне одан әрі ықпал ететініне және заманның сынына қарсы тұру үшін отандық денсаулық сақтауды әлемдік деңгейге шығаруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», деді Вячеслав Дудник.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов те АстМу түлектеріне ақ жол тіледі.

«Жыл сайын елорданың медициналық мекемелері заманауи диагностикалық техникамен жабдықталады, біз елорданың әрбір тұрғыны жайлы өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін барлық шараларды қабылдаудамыз керек. Қалада 21 мыңнан астам медициналық ұйым жұмыс істейді, онда 5 мыңнан астам дәрігер жұмыс қызмет етеді. Еліміздің үздік медициналық жоғары оқу орындарының бірінің әрбір төртінші студенті Нұр-сұлтан қаласында қалатынына қуаныштымын, сіздер елордамыздың ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышына айналатындарыңызға сенімдімін», деді әкім.

Өз кезегінде АстМУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Камалжан Надыров құттықтау сөзінде диплом тапсыру рәсімі университет үшін ғана емес, бүкіл республика үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.

«Денсаулық сақтау саласы ұлт денсаулығы үшін өзінің креативті әрі заманауи тәсілін енгізуге қабілетті, жас кадрлармен толығуда. Диплом алу табысқа кепілдік бермейді. Сіздер әлі  қиын да, қызықты жұмысқа кірісесіздер. Ақ халатқа кір келтірмей, абзал мамандыққа соңына дейін адал болыңыздар!», деді ол түлектерге.

Салтанатты кеште «Жалпы медицина», «Стоматология» мамандықтары бойынша интернатура және «Жалпы медицина», «Стоматология», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша бакалавриат пен шетелдіктерден «Жалпы медицина» мен «Стоматология» мамандықтарын тамамдаған студенттер диплом алды.

Айта кетсек, пандемиямен күресте ерекше көзге түскен ЖОО-ның 20 студенті еліміздің Президентінің Жарлығымен бекітілген «Халық алғысы» мемлекеттік медалімен марапатталды.

Студенттерді құттықтауға еліміздің саяси қайраткерлері, ҚР Парламентінің өкілдері, Денсаулық сақтау министрлігінің, Жоғары білім және ғылым министрлігінің басшылары, Елорда әкімі, медициналық жоғары оқу орындарының ректорлары мен емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері келді.

Фото: amu.kz

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.