Ғылым

Түркі академиясының Президенті Моңғолияның ең жоғары орденімен наградталды

0
(0)

Бүгін Халықаралық Түркі академиясына Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі  Батмөнхийн Батцэцэг бастаған делегация арнайы келіп, Академия жұмысымен танысты, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.

Алқалы кездесуге Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі  Батмөнхийн Батцэцэг, Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Лувсангийн Баттулга, Моңғолия Сыртқы қатынастар министрлігінің Азия, Тынық мұхит елдері департаменті директоры Эрдэнэцогтын Сарантогос, Моңғолия Парламентінің депутаттары Төмөртоогоогийн Энхтүвшин және Тілеухан Әубәкір қатысты.

Жиын барысында Түркі академиясы шығарған бірқатар кітаптардың таныстырылымы өтті.

Моңғолия Сыртқы қатынастар министрі  Батмөнхийн Батцэцэг тамырлас елдердің ортақ құндылықтарын зерттеп, халықтардың бауырластығын бекемдеуде Академияның еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Сонымен қатар,  Академия басшысы Дархан Қыдырәліге Моңғолия Президентінің Жарлығымен берілген Моңғолия мемлекетінің жоғарғы марапаты ‒ «Алтын жұлдыз» орденін тапсырды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button