Ғылым

Қазақстандық жастардың ғылымға деген қызығушылығы қандай?

5
(1)

Ғылымсыз  ел дамымасы айдан анық. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жиі айтып отырады. Ендеше, жалпы еліміздің ғылым жағдайы қандай? Прогресстер мен регресстер туралы Newsroom.kz тілшісі терең зерттеп көрді.

 

Салыстырмалы түрде, еліміздің азаттық алған жылдарына қарай ойыссақ. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі баспасөз қызметі ұсынған ресми дерекке сүйенсек  1990 жылы елімізде 289 ғылыми мекеме болған екен. Ғылыммен айналысатын адамдар саны 50 мыңның үстіне шығып жығылған. Өмірін ғылым жолына арнаған ғалымдар саны 22 378 адамды құрайды. Бұның ішінде 17 454 зерттеуге машықталған мамандар бар.

 

Сандар сөйлеуін тоқтатпасын. Мысалы, 2011 жылғы қисапқа салсақ 35 жасқа дейінгі ғалымдар саны елімізде 6 400 болған екен. Қазір бұл көрсеткіш 8 100-дің маңында. Осыдан-ақ қазақ жастарының ғылымға деген қызығушылығы артып келе жатқанын анық байқауға болады.

 

Мемлекетте өз тарапынан ғылымды дамыту үшін бар амалдарын жасап келеді. Мысалы, мемлекет тарапынан жыл сайын ғалымдарға 6 атаулы сыйлық пен 75 мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалады, оның ішінде 50 стипендия дарынды жас ғалымдарды қолдауға бағытталған.

 

Сонымен қатар қазіргі таңда  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылған.

Соңғы уақытта тарихта алғашқы рет 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді грант негізінде қаржыландыру байқауы жүзеге асуда.

 

Ғылымдағы басты көрсеткіш – ол абыройлы басылымдарда ғылыми еңбектердің жариялануы болып табылады. Отандық ғылым бұл көрсеткіштен де кенже қалар емес. Қазақстандық ғалымдар  Scopus мәліметтер қорындағы қазақстандық ғалымдардың жарияланымдарының жалпы саны 2011 жылмен салыстырғанда 34 есеге (577 -ден 19 879 -ға дейін), ал Web of Science дерекқорында 59 есеге (425 -тен 25 088-ге дейін) өскен. Соңғы бес жылда қазақстандық ғалымдардың әрбір бесінші ғылыми мақаласы әлемдегі ғылыми журналдардың үздік 25% енген деп хабарлайды Министрлік.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button