Саясат

21 трлн теңге: Қайда, не үшін бөлінеді?

5
(1)

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезінде партия Үкіметпен бірлесіп, елдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан 21 трлн теңге жұмылдыруға ниетте екенін айтқан болатын.

«Жаңғыртуға серпін беру керек. Осы мақсатта біз 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы — әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын қабылдаймыз. Бұл егжей-тегжейлі есептелген құжат. Экономикадағы қиындықтарға қарамастан, «Nur Otan» Үкіметпен бірге жақын арадағы бесжылдықта бағдарламаны іске асыруға 21 трлн теңге жұмылдыруды жоспарлап отыр. Бағдарлама әлеуметтік прогреске бағытталған шаралар кешенін ұсынады. Партия қоғамнан келіп түскен ұсыныстарды ескерді. Біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады деп айтуға болады», – деді президент.

Партияның бұл жолғы бағдарламасын әр қазақстандық түсіну керек. Себебі бағдарлама белгілі бір топқа, белгілі бір мақсатқа әрі әрбір қазақстандыққа бағытталған.

Бағдарлама негізінде аймақтарда Назарбаев университеті секілді жоғары оқу орындарының салыну көзделді. Кем дегенде екі оқу орны болады. Осы турасында Белла Газдиева да өзін ойын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады. Оның айтуынша, университеттерді еліміздің шекаралас аймақтардағы қала, аудандарға салған жөн. Осылай еліміздегі жастардың шетелде білім алуына ғана емес, шетелдегі жастардың біздің елге де келіп, тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік жасаймыз, – дейді.

Бұдан бөлек Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында ғылыми бағыттағы медициналық орталықтар мен өзге аймақтарда ең кемі 20 медицина орталықтары ашылу көзделіп отыр, – деп жазды Белла Газдиева. 

2023 жылға қарай еліміздегі дәрігерлердің жалақысы 2,5 есеге өсетіні туралы да айтылды.

«Бұрынғы өсу қарқыны мен теңгерімді дамуды қалпына келтіру үшін үлкен күш пен уақыт қажет. Көптеген елдер қиын жағдайға тап болды. Қазақстанның беріктік қоры бар, ең алдымен, бізде нақты әзірленген даму жоспары бар, ол қаржы ресурстарымен нығайтылған», — деп атап өткен еді президент.

Аталған бағдарлама үлкен реформаның бастауы. Осы ретте қазақстандықтарға бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қол ұшын беруі үлкен жеңіс пен жетістіктің көрінісі болар еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button