Саясат

Тоқаев мәлімдемесі: Елімізде кімдердің жалақысы өседі?

1
(2)

Алдағы үш жылда қазақстандық полицейлердің жалақысы 30%-ке өседі. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен ішкі істер министрінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент штат құрамына жан-жақты қолдау көрсету негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті. Айтуынша, полицейлерге баспана жалдауға өтемақы ретінде жыл сайын 15 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.

«Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы мақсаттарға қосымша 10 миллиард теңге бөлінеді. Бұл шара аясында кезекші бөлімнің қызметкерлері, қарауыл қызметі, арнайы күзет ұйымдары, ведомстволық оқу мекемелері және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қамтылып, жалпы 8 мың адамға қолдау көрсетіледі», – делінген хабарламада.

Президент барлық мемлекеттік басқару жүйесіне үлкен сынақ болған COVID-19 пандемиясы кезінде полиция қызметкерлерінің ерекше еңбегін атап өтті.

«Қазіргі жағдайда дәрігерлермен қатар майданның алғы шебінде полиция қызметкерлері де жүр. Өйткені азаматтардың қауіпсіздігі ғана емес, олардың денсаулығы мен берекелі өмірі сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгідей күрделі жағдайда мемлекет індетке қарсы тұрғандардың барлығын қолдайды», – деді Тоқаев.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close