Саясат

Тоқаев қазақстандықтарды ойландырып жүрген ұсынысты қолдайтынын айтты

4.2
(17)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуына қарағанда, қолданыстағы заңнамада туды пайдалануға қатысты шектеулер бар.

«Мысалы, пәтер балконына немесе үй қабырғасына ту ілуге тыйым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет», – деді президент Twitter желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар Тоқаев мемлекеттік туды кеңінен қолдану туралы қазақстандықтар ұсынысын қолдайтынын да айтты.

«Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын», – дейді ол.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 17

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close