Саясат

Отставкаға кету ойымда жоқ: Әділет министрі кетуін талап еткендерге жауап берді

0
(0)

Бұған дейін бір топ адвокат, заңгерлер мен нотариустер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әділет министрі Марат Бекетаевтың өкілеттігін тоқтатуды талап етіп, петиция жазған болатын.

Ол петицияның мәтінімен таныстым. «Әкімшілік рәсімдер туралы» заң жобасында петиция бұл – назар аударту. Отставкаға кету ойымда жоқ, – деді Марат Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, адвокаттар заң кеңесшілері қауымдастығымен және нотариустермен бірлесіп, қолданыстағы «адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бағытталған заң жобасының жекелеген ережелерімен келісіпейтіндерін айтқан болатын. Соған байланысты 13 наурызда рұқсат етілген митинг өткізбек болған. Бірақ митинг карантиндік шектеулерге байланысты өтпей қалды. Дегенмен олар қарап отырмай, Мемлекет басшысының атына министрді қызметінен алу жайлы петиция жазды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button