ӘлемдеСаясат

Женевадағы жүздесу: «My congratulations!» емес, «Құтты болсын, Айдеке!»

3
(2)

Айдар Шаяхметов: «My congratulations!» деген күнделікті құттықтаудың орнына, құлаққа жағымды әрі шынайы «Құтты болсын, Айдеке!» дегенді естимін деп ойламаппын!»

Осы аптада Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына кіргендігінің тағы бір жылын атап өтуде. Тәуелсіздік алғалы салыстырмалы түрде аз ғана уақыт өтсе де, халықаралық аренадағы бұл қадамымыз сенімді әрі батыл еді. Үлкен халықаралық отбасының мүшесі болғалы бері Қазақстан халықаралық деңгейдегі мәселелерді шешуге атсалысып жүр. Және аса назар аударуға тұрарлық БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмысына біздің дипломаттарымыздың қатысуы күнделікті затқа айналған-ды. 

Бұл мемлекетаралық ара ұясына ұқсаған, мысалға пресс-центрдің өзіне алғаш келіп тұрған адам таңқаларлығы сөзсіз. Көз алдына трибунаға шығып, монитордан Қытай төрағасы мінсіз… араб тілінде сөйлеуде. Шынымен де осындай халықаралық деңгейде маңызды жұмысты атқаратын синхронды аудару бөлімі әрі жазбаша аудару редакторларының жұмысы сөзсіз әлемнің аударудағы үздіктері. 

Жазбаша аудару жұмысының қызметкерлері іс-қағаздардың ауқымды спектрімен жұмыс істейді, сан алуан тақырыптар политика, экономика, бюджет пен қаржы, әкімшілік-басқару және басқа да аймақтарды қамтитын болғандықтан, терминдерді дұрыс аударып, қолдану және толық та нақты мағынасын жеткізу үшін тәжірибе мен кәсіби білім қажет. Осы білікті, адал мамандардың жұмысының арқасында БҰҰ бірнеше ресми тілдерінен аударылып, іс-қағаз Ұйымның стандартына сай болуына салынған күш басқа қызметкерлер мен ұйымдарға өнеге болуына ықпал етеді. 

Жұмыстары аса байқала бермейтін, бірақ, дегенмен маңызы жоғары БҰҰ айырылмас бөлігі болып табылатын – аудармашылар тобының абыройлы мүшесі – біздің отандасымыз. 

Сіздерге таныстыруға рұқсат етіңіз: Шаяхметов Айдар Равиль-ұлы – кәсіби міндетін Біріккен Ұлттар Ұйымындағы жұмысқа арнаған кісі. 1978 жылдан 2007 жылға дейін ол аудармашы, редактор, кейіннен Нью-Йорктағы БҰҰ секретариатының конферациялық басқару бөлімінің және Бас Ассамблеяның жұмыстары бойынша департаментінің бас редакторы болып жұмыс істеген. Ал 2007 жылдан 2014 жылға дейін Женева қаласындағы БҰҰ бөлімінде әсіресе соңғы жылдары дүниежүзінен келген 400-ден аса кәсіби аудармашылар жұмыс істейтін бөлімнің Лингвистикалық қызметін басқарған.

БҰҰ әлемінің қыр-сырлары, аудармашының қызметі, алдыңғы қатардағы технологиялар мен жаһанданудың тілдерге деген ықпалы, қысқаша айтқанда ақпарат қазынасына толы өмірі жайлы Равиль-ұлы Айдар біздің корреспондентпен бөлісті. 

Оңай сұрақ болса да, міндетті деп көретін сұрағымыз: қалай сіз аудармашы болуға шешім қабылдадыңыз, бәрі қалай басталған еді? 

Соңғы кездері студенттерге,оқушыларға және тағылымгерлерге аудару мамандығының шыңына қалай жеткенім жайлы көп баяндаған едім. Есіме алсам, шет тілге деген сүйіспеншілік сол кезде Алматылық шет тілдер институтында оқыған анамнан берілген. Шет тілдер, әсіресе ағылшын тілі мені әрқашан қызықтыратын, сондықтан гуманитар маманы екенім өзіме айдан анық болды. 

Таң қаларлығы сонау 1962 жылы бас қала қатарына кірмейтін, кіндік қаным тамып, өркенім жайқалған Өскемен қаласында, нөмірі 30 арнайы мектепте жалпы-одақтық бағдарлама бойынша ағылшын тілін екінші сыныптан бастап тереңдетіп оқытқандығы. Білімі де жақсы деуге лайықты. 1970 жылы Алматы қаласына көшкен кезде нөмірі 120 мектепке түсіп соңғы екі сыныпты оқып бітірдім, айта кетерлік жәйт – біз сол мектепті бітірген алғашқы сынып болғанбыз. 

Негізінде, менің жолым болды деп санаймын. Өйткені, мен 5 жылдық интенсивті екі тілді меңгеру бағдарламасы енгізілген Морис Терез атындағы Мәскеудегі мемлекеттік шет тілдер институтына түскен едім. Қазіргі өмірімнің тәжірибеммен сол институт негізінен шет тілдерді үйрететін ең үздік оқу орны деп күмәнсіз айта аламын. 

Әлемдегі ең үздік пе?

Дәл солай, әлемдегі ең үздік. Ол кезде нағыз корифей мамандар, танымал сөздіктер мен оқу әдістемелерінің авторлары, өз ісіне жанашырлар дәріс беретін. Шынайы ағылшын тілінің иегерлері болатын. Мысалға алсақ: испан тілін 30-жылдардың соңында Испаниядан құтқарылған «Соғыс балалары» сабақ беретін. Өз тәжірибесімен бөлісуге жоғары санатты мамандар келетін. Менің есімде мәңгілікке қалатын кездесу – ол Виктор Суходревпен кездесу болатын. Ол жоғары деңгейдегі кездесулерде ағылшын тілінің маманы болған және өз тәжірибесіндегі арнайы құпияларымен бөлісіп, қыр-сырларын ашып беретін. 

Оқу қиын болған ба еді?

Алғашқы жылдары «Инязда» маған қиын болған еді, өйткені білгенім бір тоғыз еді. Алғашқы 2-3 жылда, бас көтермей, білім алаңындағы олқылықтарды түзетуге көп уақыт бөлген едім. Осы төгілген тердің арқасында 3 курста мен институтта шет тілді біліп, шет елде тұрған оқушылардан озық едім. 1973 жылы Брежнев пен Никсон Кеңес пен Америка арасында көптеген келісімдерге қол қойғаннан кейін, және әрине оның қатарында студенттерді алмасу бағдарламалары бойынша, біздің институт ең үздік студенттерді Нью-Йорк штатындағы Олбанн қаласына тағылымдамадан өтуге жіберетін болды. Осындай тағылымдамалардың біріне аударма кафедрасы 1975 жылы мені жіберген еді. Ол деген керемет оқиға болған еді. 

Тағылымдама қалай өтті? Ол ғажайып кез болған шығар? 

Ол тағылымдама маған көп нәрсе берді. Қазіргі таңда шет тілде білім алу үйреншікті жағдай. Ал ол кезде бұндай алмасып оқу бізді өте жақсы, жауапкершілікпен және биік деңгейде қарсы алған американдықтарға да қызық жағдай болатын. Бізді Америкаға алдыңғы есіктен кіргізетін деп айтуға да болады. Біз ол жақта бір-ақ семестр оқыдық -тамыздың ортасынан рождество демалыстарына дейін. Сол төрт айда біз көп нәрсе көріп, үйрендік. Әр демалыс күні америкалық өмір салтының барлық мықты жақтарын көрсету үшін бізді әтүрлі қалалар мен кенттерге апарып тұратын. Ақ ордада болдық, сонымен қатар вице-президент Нельсон Рокфеллердің офисінде, Конгрессмендермен кездесулер болған Капитолий төбесінде, политтехнологтар өз кандидаттарын алдыға шығару үшін не істеу керек екені жайлы келекелеп айтқан демократиялық партияның сайлау штабында болдық. Американдықтардың үйлерінде тұрдық. Алдыңғы қатарлы зауыттардың жұмыстарымен таныстық (General Electric және IBM). Бірақ бастысы құрдастар мен оқытушылармен күнделікті тілдесу, тілдік ортаға терең сіңу болды. Бір сөзбен айтқанда, ой-өрістің кеңеюіне септігін тигізіп, ішімдегі психологиялық кедергіден өтіп, өз күшіме сенуге көмектесті. Өміріміздің жалпы контекстінің түр-сипаты қалыптаса бастады. 

Кеңес Одағының білім беру жүйесі қаншалықты жақсы болып шықты? Дыбысталумен қиыншылықтар болған жоқ па? 

Бізді тиянақты түрде дайындады. Жүйенің біз ол кезде бағаламаған көп жақсы жақтары болды. Әдістеме көбіне немісше болды. Дыбысталуға келгенде, бізді о баста британдық ағылшынға үйреткен, дәл айтқанда, сабақ бәрімізге белгілі Лондондық лингафондық курс бойынша жүретін. Америкада біз, әрине, мүлдем басқа ортаға тап болдық, бірақ тез арада бағдарын тауып, қалыптасып кеттік. Мәскеуге оралған кезде біз профессорларымыздың наразылығына тап болдық. Себебі біз американдық акцентпен, кейбіреуіміз тіпті бруклиндік акцентпен сөйлеп кеттік. (Жатақханада, көрші бөлмеде физик Ален Аксельрод тұратын. Оның бруклиндік акцентін америкалықтардың өзі түсінбейтін). Бірақ бізді қайта үйретпеді. 

Оқу біткеннен кейін не болды?

Оқу мен үшін осымен біткен жоқ. Институтты бітіргеннен кейін мен сол кездегі ең керемет жерге жіберілдім: мені КСРО СІМ-нің қолдауымен Мәскеулі иняз базасында БҰҰ секретариатымен ашылған 9 айлық БҰҰ аудармашылар Курсына ұсынды. Түсу және бітіру емтихандарын Нью-Йорктан келген бұұ-лық кадрлық комиссия қабылдады. 

Курста қанша адам оқыды және дайындықтың мәні неде болды? 

Жыл сайын Курсқа, сол жылдардағы үздік оқытушылық күштер жиналады, Мәскеу, Киев және Минск, МГИМО және МГУ шет тілдер университеттерінен шыққан кандидаттар арасынан 25 тыңдаушы таңдалып алынады. БҰҰ-ның аудармаларынан басқа, бізге үлкен көлемде білімімізді толықтыруға арналған материалдар берілетін: Киелі кітап және Құран, мифология, американдық масс-мәдениет теориясы, антикоммунизм теориясы, экономика негіздері, әлеуметтану және т.б. 

Ал тыңдаушылардың ұлттық құрамы қандай болды? 

Тегі орыс емес тыңдаушылар саусақпен санарлықтай болды. Маған дейін түлектер арасында, орыстар мен белорустардан басқа, армяндар, грузиндар, өзбектер және бір қазақ – менің аттасым, кейін әріптесім, алғашында Женевада кейін Найробида қызмет атқарған Айдар Қаратабанов. Біздің құрамда мен жалғыз, сол кездегідей айтатын болсақ, нацмен – ұлттық азшылықтың өкілі болдым. 

Кемсітуді сездіңіз бе? 

Әріптестер тарапынан ешқашан сезген емеспін. Бірақ, бір эпизод болды, сыртқы істер министрлігінің кадр бөлімінің қызметкері ойын саяси дұрыс жеткізбеді: «Қызық, неге сен және кезінде Айдар Қаратабанов қазақ қыздарына үйлендіңдер?», – деді. Американдықтар туралы айтсақ, олар үшін біз кеңестік, тіпті орыстар болдық. 

Кейін не болды?

Бағдарламаны табысты аяқтағаннан кейін менің арсеналымда: сол уақыттарды шетелдіктердің ыңғайсыз сұрақтарына жауап бере білу және БҰҰ-ның алты ресми тілдерінің үш тілі – ағылшын, испан және орыс тілдері болды. Бөлу бойынша түлектердің көпшілігін және мені БҰҰ-ның Нью-Йорктағы Хатшылығына жіберді, қалғандары Женеваға кетті. 

Бәлкім, шет елге шығар алдында ұзақ тексерістен өткен боларсыздар?

Сол жылдары ұзақ іс-сапарға капиталистік елге бару үшін және ол ел имперализм діңгегі болып саналса, КСРО СІМ желісі бойынша көптеген тексерістерден өту керек болды және сол арқылы рәсімдеу және арнаулы қызметтер жүзеге асырылды. Іс-сапар алдында жұбайым екеумізде ЦК КПСС-тің халықаралық бөлімінде сұхбаттасу болды. Мұндай жан тебірентерлік сұхбаттардың қалай өтетіні туралы Владимир Высоцкийдің әйгілі өлеңінде жақсы айтылған. 

БҰҰ-дағы жұмысыңызға көңіліңіз тола ма? 

Көңілім толық толады. БҰҰ-ның аудармашысы жұмысын атқару, біздің мамандығымызда ең лауазымды орын болар, жақсы жалақы және әлемді көруге мүмкіндік береді. БҰҰ-да мансап жасаған 33 жылдың ішінде маған қарусыздандыру мәселелеріне, апартеид, израиль-палестина қақтығысына, тұрақты даму, адам құқықтары, Таяу Шығыстағы және Оңтүстік-Батыс Азия, Фольклендах және бұрынғы Югославия, Африкадағы көптеген соғыстарға терең бойлауға мүмкіндік болды. БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі Конвенциясының редакциялық комитетінде, БҰҰ-ның қарусыздандыру жөніндегі Конференциясында және басқа да форумдарда жұмыс атқардым. БҰҰ-ның әлем бойынша көптеген нысандарында болдым. Қазақстанда да жұмыс істеуге мүмкіндік туды, 2003 жылы көлік транзиті бойынша министрлер Конференциясында және 2004 жылы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі комитетінің лаңкестікке қарсы көшпелі сессиясында. Жақында Брюссельде, Еуроодақтағы үйлестіру кеңесінде өз әріптестерімді таныстырдым. 

Жазбаша аудармашының еңбегі қандай? 

Әдетте аудармашы еңбегі көлеңкеде, бірақ бұл мәні бар шығармашылық. Бір нәрсені тиісінше аудару үшін, сен міндетте түрде мәселенің мәнін түсініп, тілдік құралдарды барынша аз қолдана отырып, дәлме-дәлдікті қамтамасыз ету керексің. Мысалы, сол Ассамблеяның күн тәртібінде шамамен жыл сайын 170 сұрақ қойылады, және мен олардың көбісін жеткілікті білемін. Мен осы жылдар ішінде әртүрлі тақырыптар бойынша көптеген қаулылар, есептер мен ноталарды өзімнен өткіздім! Мен толық сеніммен, күшті дерлік аудармашы энциклопедиялық білім иесі болуы қажет деп толық сеніммен айта аламын. Ол орташадан жоғары ой-өріс иесі болуға міндетті, кем дегенде, барлық нәрселер жайлы идеясы болуы керек. Мен әріптестерімнің арасында көп нәрсеге ықпалы бар, көрнекті тұлғалардың бар екеніне сенімдімін. 

Шет тілін мінсіз үйрену мүмкін бе?

Мен зейнеткерлікке лингвист ретінде жұмыс істеген көп жылдан кейін шықтым және толық жауапкершілікпен орыс, ағылшын, испан немесе француз тілдерінің ешқайсысын мінсіз білемін деп айта алмаймын. Сіз неғұрлым көп білсеңіз, соғұрлым аз білетініңізді түсінесіз. Платон «Мен ештеңе білмейтінімді білемін», – деп дұрыс айтқан. Себебі, сен жаңа көкжиектерге көтерілгенде сенің алдыңнан басқа мағыналар және таңбалар ашылады. Әсіресе, осы сандық дәуірде ақпаратты алу мүмкіндігі шын мәнінде шексіз. Бірақ қандай сүзгілерді қою қажет екенін білмесе, санаңызды керексіз заттармен толтыру және құнды, қажетті нәрселерді жіберіп алу өте жеңіл. 

Полиглоттар ше? 

Ол түсінікке байланысты. Ондаған тілдерді білу? Мүмкін, олар бар, бірақ өз жолымда полиглоттарды кездестірмедім. Мүмкін, мен оған тым қатаң көзқарастамын. Оқып және шет тілін түсіну бірнәрсе болса, онымен кәсіби жұмыс істеу басқа нәрсе. 

Ал аудармашы негізгі қандай қасиеттерге ие болуы керек?

Мен аудармашылар үшін ең бастысы – ана тілін меңгеру (БҰҰ-ның ережелеріне сәйкес аударма тек ана тілінде ғана жүзеге асырылады) және логика мен таза сана сезіміне ие болу деп ойлаймын. Егер сізде осы үш қасиет болса, бір нәрсені басқа тілде немесе мағынасы жағынан түсінбеген жағдайда, олар сізге «қатысы жоқ» материал жазуға мүмкіндік бермейді. Сіз жай ғана каталогтар немесе өзгелермен кеңесе отырып шындыққа жетесіз. Мұнда ұят ештеңе жоқ. Жоғары санаттағы аудармашылар – салмақты сарапшылар, сондай-ақ кейде білімнің әртүрлі салалары бойынша көрнекті мамандар. Таза қажеттілік бойынша, жалпы контексті білу, тілді меңгеруге қосымша, сізге автордың ойын дәл білуге мүмкіндік береді. Тіпті нашар жағдай, авторы өзі не айтқысы келгенін білмеу. Өкінішке орай, мұндай жағдай жиі орын алады. 

Аударма кезінде тітіркендіргіш қателер көп жасалады. Оның себептері: ана тілі мен шет тілдерін нашар білуі, тиісті пәнді немесе мәдени тұрғыны білмеуі, және мен айтқандай, логика мен таза ойдың болмауынан, ой-өрістің тарлығынан және жай ғана немқұрайлық пен жалқаулық үшін. Кімде кім бір рет болса да бір нәрсені аударған болса, бәлкім «аудармашының жалған достарымен кездескен болар». Кім аударып, кім аудармаға тапсырыс берсе, ол өзіне бұл спецификалық кәсіби дағды екені туралы есеп беруі керек, және онсыз шет тілін тамаша білетін адам да, кейде аудармаға келгенде толық банкротқа ұшырайды. Ана тілден шет тілге аудару, кейбіреулерге бастапқы синтаксисті сақтай отырып, сөздерді ауыстыру жеткілікті екені туралы айтпаса да болады. 

– Сіздің жұмысыңызда кәсіби тұрғыда қандай қызықтар болды?

– Мен Нью-Йорктегі Хатшылықта жұмыс істей бастаған кезде, отырыстарда Джамиль Баруди, Сауд Арабиясының елшісі, үлкен оратор және ғалым әлі жарқырап тұрды. Кездесу тақырыбы қандай болса да, оның тақырыпты Палестина қақтығысына аударуға қабілеті болды және сөзін Израиль мен сионизге сын айтып аяқтайтын. Әр сөзінде ол молынан Құран, Киелі кітап және Шекспир үзінділерін қолданатын. Аудармашылар еркін тілде оларды жеткізіп бере алар еді, бірақ бізге орыс тілінде дәл аудармасын табуымыз міндетті болды. Елестетіп көріңізші, БҰҰ-ның кітапханасында қанша сағат өткізу керек болды! Google ол кезде ең батыл, арманшыл жандардың санасында ғана болды. Бірақ мұндай талаптар біз үшін тамаша мектеп болды.

Айтпақшы, сіз Google-аудармашыға қалай қарайсыз?

– Google бір орында тұрған жоқ және машиналық аударма тұрғысынан дұрыс бағытта жұмыс жасауда, дегенмен алғашында бұл жайында көп күмән болды. Мен бағдарлама аударма жадының толықтырылуы себебінен, жұмысының жақсаруын байқадым. Қазіргі таңда басқа да аударма модульдері бар, соның ішінде БҰҰ-нын да модульі, алайда, біздің бақытымызға орай олар адамды толық алмастыра алмайды. Кем дегенде таяу болашақта.

Мен мұндай бағдарламалар стандартты құрамдарды, техникалық оқу құралдарын, патенттерді және т.б. аудару үшін жақсы деп айтсам, ол ешкімге құпия емес. Мәселенің мағынасын түсіну үшін. Олар тілді жақсы білетін адамдар үшін жұмысты жылдамдататын жақсы құрал болып табылады. Бұл жағдайда Google әдетте аударып берген дәл емес «кәмпитті» немесе мәтінді абракдабралардан тазалай алатын редактордың рөлі күрт көтеріледі.

Басты рөлді Николь Кидман сомдайтын “Аудармашы» фильмінде көрсетілген қаншалықты шындыққа санасады?

Бұл фильм ілеспе аудармашы мамандығының танымалдылығын бірден арттырды. Мысалы, қазір аудармашы дайындайтын және мен мастер-класпен барған ресейлік университеттерде көп студенттер басында ілеспе аудармашы болғылары келеді. Қазіргі таңда әмбебап аудармашыларды дайындауға мәжбүрміз, ал біздің кезімізде қатал бөлі болатын – міне сізден жазбаша аудармашы дайындаймыз, ал сіз ілеспе аудармашы боласыз. Себебі саусақпен санап аларлығы ғана екі бағытта да жақсы жұмыс істейді.

Фильмге келер болсақ, әріптестерімнің кейбіреуі тіпті массовкаға қатысқан. Сюжетте шындыққа жанаспайтын жерлер бар, бірақ ол, әрине, жалпы көрермендерді қызықтырмайды.

Айтпақшы, фильмдегі келіспеушіліктің бірі – Кидман кейіпкерінің сирек тіл білуі. Шын өмірде БҰҰ қызметкері экзотикалық тіл білуге міндетті емес. Бастысы, БҰҰ-нын алты тілінің бірі болып келетін туған тілімен қатар БҰҰ-ның тағы екі тілін білу.

Егер оратор ресми емес тілде сөз сөйлейін деп жатса, делегацияның мақсаты БҰҰ тілдерінің біреуінде ілеспе аударма қамтамасыз ету. Өкіл өзінің сөзін ағылшын немесе басқа бір жүрiс тіліне аударатын маманмен келу керек, ал басқа бөлмелердегі ілеспе аудармашылар осы «пилотқа» қосылып, өзтілдеріне ілеспе аудару жасайды. Қаржылай шектеу үшін БҰҰ, әрине, штатта барлық тілдердің аудармашыларын ұстай алмайды.

Тіл бір орында тұрмайды, ықпалға беріледі, соның ішінде жаһандану ықпалына… 

Тіл дамиды және, келісемін, мықты сыртқы ықпалға беріледі. Бір жағынан, дұрысы пурист болып, әрқашан қалыптасқан тілдік нормаларды сақтап жүру керек, ал екінші жағынан, пайда болатын «трендтерге» жауап қатып, қай кезде басқа тілдегі сөзді қосуға болатынын білу қажет (ол аудармашының жұмысын жеңілдетеді).

Ciз ұзақ уақыт АҚШ-та тұрдыңыз, ал соңғы жылдары көптілділіктің сөздегі емес, істегі мысалы болып табылатын Швейцарияда жұмыс істедіңіз. Осы жайлы не айта аласыз?

АҚШ-та болатындар қоғам өміріне белсенді түрде испан тілі еніп бара жатқанын көреді. Мысалы, Нью-Йорк метросындагы жарнама баяғыдан бері екі тілде жасалған. Себебі испан тілдес нью-йорктықтар күн сайын көбеюде, және бұл жайт ары карай дами бермек. Швейцарияға келер болсақ, ол жерде ресми төрт тіл бар екені белгілі. Алайда, реторомандық тілдің экзотика екенін, және қолдану ауқымы үлкен емес екендігін мойындау керек. Дегенмен, итальян, неміс және француз тінде шынымен де көптеген саясаткерлер, өнер адамдары, спортсмендер сөйлейді. Мені, мысалы, Цорихтің бір хоккейшісі таң қалдырды. Ұлттық Хоккей Лигасының матчының үзілісінде сұхбатты алдымен неміс тілінде, кейін Женевадан келген репортерге француз тілінде, ал одан кейін Тичино каналының таңбасы бар микрофонды көріп итальян тілінде берді. Қазақстанда да әртүрлі тілдер дамып, қатар өмір сүретініне үміттенемін.

БҰҰ-ға қатысты айтылатын сынға қандай көзқарастасыз?

– Кейбіреулер БҰҰ-ны әлемдік үкімет пен жаһандық үйлестіру және басқару орталығы ретінде көреді. Бірақ шындап келгенде, бұл ең ауқымды үкіметаралық әмбебап ұйым болып келеді, ол жердегі әуенді мүше мемлекеттер өздері тапсырысқа ұсынады, егер де олар оны мүмкіндігінше әсерлі пайдаланса, ол өз кезегінде солай-ақ пайдалы болмақ. Дегенмен, қазір бұл тек мемлекеттер мүдделерінің қақтығыс алаңы ретінде ғана көрінісін тауып. Егер бұл алаң болмағанда, оны ойластыруға тура келетін еді.

– Сіздің жұмыс мансабыңызда есте сақталған ең ұмытылмас сәт?

– 2 наурыз 1992 жыл — БҰҰ тұғырынан Қазақстан туының желбіреген сәті. Кезінде біз бұл туралы ойлай да алмайтын едік.

Осы туралы көбірек айтып берсеңіз!

– 1991 ж КСРО кұлағаннан кейін, Нью-Йоркте сапарда жүрген Акмарал Хайдаровна Арыстанбекова БҰҰ қатарына жаңа мүше болатын мемлекетті дайындау үстінде болды.Ол өзінің мемуарларында бұл сәтті барынша суреттеп берген. Ол өзі жалғыз келгендіктен, оған үйренісуге біраз уақыт керек болғандықтан, мен оған белсенді түрде бірақ ешкімге көрінбей көмек көрсете бастадым, былай айтқанда ол БҰҰ қызметкерінің Бас секретаріне берген қатаң антты бұзушылық болып саналған (себебі ереже бойынша біз тек оған жұмыс істеуге және үкімет берген нұсқаулықтарды  орындауға ғана құқылы болатынбыз). Хаттарды жинастырып, оларды жазып, керек құжаттарын аударған мен болғанмын. Ал Қазақстанның БҰҰ қатарына мүше болатын күніне жақын қалғанда мен өз қорқынышыма қарамастан, бұзышылықты да істеп қойдым, Дага Хаммаршель кітапханасында Үлкен Кеңес энциклопедиясының сәйкес томынан КaзКСP туының суретін алуға тура келді (қазіргі туымыз ол кезде әлі бекітілмеген), бұның бәрі БҰҰ хаттама кызметінің туды көтеру рәсіміне дайындап кою мақсатында болды. Сол күні мен  барлығын видеокамераға түсіріп алдым. Содан кейін біз Ақмарал Хайдаровнамен бірге бірінші даңғылға түсіп кеттік, ол жерде 7 мүше болған мемлекеттерінің диаспора үкілдері жиналған болатын. Ол жерде Түркістан батальонынан Екінші дүинежүзілік соғыстан кейін батыста қалып қойған қазақ ақсақалдары болды. Барлығының көзінде жас тұрды, себебі бұл ұмытылмас сәт еді.

Содан кейін сіздің  дипломат-жерлестерімізбен қарым-қатынастарыңыз қалай болды?

– Өте сындарлы және жемісті болды. Тамаша адамдармен, дипломатиялық майданда абыроймен біздің еліміздің атынан сөйлеп, әлі күнге дейін жүрген білікті мамандармен танысып, достасқаныма өте қуаныштымын. Олардың есімдерін барлығы біледі. Ортақ іске өз үлес қосқанымды мақтан тұтамын, осы кезге дейін маған Президентіміздің БҰҰ-дағы барлық сөздерінің ағылшын аудармасы сеніп тапсырылып, делегаттар арасында таратылды.

– Cіздің жұмысыңыз бағаланды ма?

– Мен жұмысымды мені тану үшін емес, беріліп бар жүрегімді салып істедім. Мен 1992 жылы Президентімізбен қойылып кеткен жоғары деңгейдің жолағын сақтауға көмектескім келген. Әрине, мақтаныш, қанағаттану және алғыс сезімі бар еді, себебі басшылықтын менің карапайым күш-жігерімді бағалап, Қазақстанның еңбек сіңірген дипқызмет кайраткері және І деңгей кеңесшісі атағын беріп, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады…

Сіздің есіңізде тағы не сақталып қалды?

– Мүмкін тағы бір күн – 11 қыркүйек 2001 Вашингтонда Нью-Йорк пен Пентагонның Twin Towers-тің шабуылға ұшырағаны. Таңертең біз тез арада көшірілдік, өйткені БҰҰ ғимараты да нысандардың арасында болуы мүмкін деген қауіп болды. Бұл күн туралы көп жазылған. Мен бул оқиғаны Голливудтін қорқыныш фильмін еске салдығымен келісемін. Біздің Манхэттендегі пәтерімізден көрінетін Ground Zero-ның түтіні, осының барлығы қатал шындык екеніне айғақ болды. Қала бірнеше күн бойы жабык болып, қалалык армия мен ұлттық ұландар кірді. Бірақ келесі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі әлемге осы жағдайды бақылайтындығын ашып көрсетіп, мүше мемлекеттердің Америкамен ынтымақтастықтығын көрсетті. Қатысушылар мен кемекші персоналдын барынша ықтимал санымен төтенше жиын өткізілді. Әр тілден бір ғана аудармашы шақырылды. Орыс тілі таңдауы маған түсті. Мен армия мен полиция өткізу пункттері, құм самосвалы арқылы бірінші даңғылмен матамен орап қойғандай өрт-түтiн арқылы өткен кезім есімде. Бұл тағы да бір келесі блокбастердің түсірілімінде секілді болды (Нью Йорк қаласында сирек емес). Бәлкім, осы жылдар арасында менің редакциямда жарияланған БҰҰ Бас Ассамблеясының жүздеген қарарының ішінде біреуі ғана айтарлықтай із қалдырды – 12 кыркүйек 2001 жылы Қауіпсіздік Кеңесінің 1368 (2001) қарары.

– Қорытындылай келе, сіздің мансабыңызда ең тамаша эпизод қандай болды?

– Женевада БҰҰ Ұлттар сарайында 2013 жылы 24 қазан күні, мен Біріккен Ұлттар Ұйымының ардагерлері тобының арасында «Біріккен Ұлттар Ұйымындағы 30 жыл қызметі» деген алтын медалімен марапатталдым. Осы сәтте Мен БҰҰ Бас хатшысының марапаттау сәтінде және ЮНОГ-ның Бас директоры «My congratulations!» кезекші сөз тіркесін емес, шынайы «Құтты болсын, Айдеке!» сөзін еститінімді тіпті елестете алмайтынмын. Жоғары және Жауапты лауазымда жаркын із қалдырған, Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы, сол күндері Женевада өзінің сапарын аяқтауға жақын қалған еді, мен бұл марапатты оның қолынан алғаныма өте қуаныштымын. Бір жылдан кейін менің зейнетке шығу мерзімім де келді.

Дереккөз: Вестник Дипломатии 3(52) 2015

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button