Саясат

Nur Otan: 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама талқыланды

5
(2)

Еліміздің сарапшылар қауымдастығымен кездесіп, «Nur Otan»-ның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының жобасын жан-жақты талқылады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбаевтың айтуынша, сала мамандары бағдарламаға ерекше қызығушылық танытқан. Жалпы, сайлауалды бағдарлама халықтың сұранысын ескерген, уақыт талабына жауап беретін мазмұнды құжат болып шықты деуге толық негіз бар. Онда тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған нақты 258 іс-шара көзделген.

2019 жылдың қазан айында «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен партияның сайлауалды бағдарламасын дайындау тапсырылған болатын.

Осы уақыт аралығында «Nur Otan» 216 өңірлік сайлауалды бағдарламасын әзірледі. Аталған бағдарламалар жобасы праймериз барысында халықпен бірге кеңінен талқыланып, 17,5 мың ұсыныс пен талап-тілек түсті. Олар «Nur Otan» партиясының өңірлік және негізгі сайлауалды бағдарламасының жобасын пысықтау кезінде ескерілді.

Жобаны дайындаумен партиямыздың Бюро мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминнің басшылығымен құрылған жұмыс тобы аясында Үкімет өкілдері, партия аппаратының мамандары, тиісті зерттеу институттары айналысты,-дейді Арман Қырықбаев.

Сарапшылардың айтуынша, партия сайлауалды бағдарламасында ел-жұрттың өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыруға бағытталған айқын мақсаттар мен міндеттерді қамтыған. Ендігісі жобаны ертеңгі Съезде елге таныстырып, бекіту қалды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button