Саясат

Өтірік неғұрлым ауыр болса, адамдар оған соғұрлым көп сенеді – Байбек Жанболат Мамайды Геббельспен салыстырды

5
(1)

Қоғам белсендісі Жанболат Мамай өзінің зерттеуінде дейексіз ақпараттарды айтып, жалған фактілерді таратумен айналысады. Мұндай мәлімдемені «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек блогер Тәңірберген Бердоңғаровқа берген сұхбатында айтты.

Ауқымды сұхбатта Бауыржан Байбек Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбайдың «партия Төрағасының Бірінші орынбасарын жемқорлыққа қатысы бар» деп айыптаған видеосына қатысты пікірін білдірді.

Менің білуімше, Жанболат Мамай 30-дан асқан азамат, журналист мамандығы бойынша білім алған. Ол өзінің бұл жұмысын журналистік зерттеу деп айтады және оны Қазақстанда тіркелмеген «Қазақстан Демпартиясының» сайтында жариялаған. Ал, негізгі дереккөзі ретінде Uzun Qulaq телеграмм-каналын пайдаланады. Бұл телеграмм-канал да фейк», – деді Байбек.

Яғни аталған телеграмм-канал қауесеттерге негізделген. Жалпы, белгілі болғандай, Uzun Qulaq антиконституциялық қызметпен айналысады. Әлеуметтік, этносаралық, діни араздықтарды тудырып, қоғам арасында дүрбелең туғызуды көздейді. Осыны ескерген партия Төрағасының Бірінші орынбасары бұл іспен қазіргі уақытта құқық қорғау органдары айналысып жатқанын хабар етті. Бір қызығы, фейк телеграм-каналда жарияланған жалған ақпараттың бәрін Жанболат Мамай өз атынан айтып шыққан.

Өзін саясаткермін деген азаматтың жалған ақпараттарды негізге ала отырып мәлімдеме жасауы бізде алғашқы және соңғы рет болып отыр деп ойлаймын.

Бұл оның жалған дереккөздерді негізге алып, оның анық-қанығын тексермей жасаған алғашқы және соңғы үндеуі деп ойлаймын. Мамай нацистік Германия ойлап тапқан принципті ұстанады дегенді айтқым келеді. Нацистік идеологтардың бірі Геббельстің «өтірік неғұрлым ауыр болса, адамдар оған соғұрлым көп сенеді» деген сөзі бар. Яғни, өтірікті халық сенетіндей етіп жеткізеді. Міне сондықтан да нәтижесінде осындай контент шығады», – деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

Бауыржан Байбек өзіне қатысты айтылған осынау айыптаулардың барлығын жағылған жала деп, белсенді Жанболат Мамайды сотқа беретінін ресми мәлімдеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button