АҚШ президенті Трамп Қытайға ескерту жасады

 548 

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай коронавирус індетін «әдейілеп» таратқан болса, жағдайы қиынға соғатынын айтты деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі РиаНовостиге сілтеме жасап.
«Біз тексеру жүргізіп жатырмыз. Көреміз не болатынын. Егер бұл арнайы таратылған болса, соңы қиынға соғады. Бұл жерде екі нұсқа бар, біріншісі іс абайсызда бақылаудан шығарып алған, екіншісі саналы түрде таратқан,»-деді президент Вашингтонда өткен жиналыста.
Бұдан алдын АҚШ президенті аспан асты елінің Ухань қаласындағы зертханадан тараған COVID-19 індетінің шығу себептерін анықтап жатқанын айтқан болатын.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Пекиннен коронавирус жайлы сұрақтардың айқындығын талап еткен болатын. Хатшы американдық басылымдарда жарияланып жатқан уханьдық зертханадан тарау мүмкіндігі туралы болжамды растаудан бас тартып және оны теріске шығармады.

Бөлісу:


Және де: