Саясат

Қытай Елшісіне наразылық білдірілді…

0
(0)

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қытайдың ҚР-дағы Елшісі Чжан Сяомен кездесу өтіп, оның барысында қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» атты мақалаға қатысты наразылық білдірілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған newsroom.kz порталының тілшісі хабарлайды.

Қытай Елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіндігі атап өтілген. Кездесу қорытындысына сай, тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті.

Сондай-ақ, ҚР-дың Пекиндегі Елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота да жолданған.

Кездесуге түрткі болған мақала сілтемесі: https://m.sohu.com/a/386243463_120455829?scm=1019.e000a.v1.0&spm=smwp.srpage.SERP-list.1.1586849595007xOzfFF7

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close