Саясат

90 гектардан астам жер шетелдіктердің иелігінде

5
(1)

Қазақстандағы 92 мың гектардан астам  жер шетелдіктердің иелігінде. Олар оны 2025 жылға дейін жалға алыпты. Бұл жайлы Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында белгілі болды. Бұл мәліметтерді Төменгі палата депутаттарына жерге қатысты заңға енгізілген өзгерістерді таныстырған Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров келтірді. Бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаған бұл жерлер қайта мемлекетке қайтарыла ма? Ал Қазақстан азаматтары жекеменшікке алып, пайдаланып отырған ауылшаруашылығы жерлерінің тағдыры не болмақ? Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жер туралы» заңның түйткілді баптарына қатысты мәселеге нүкте қойылуға жақын.  Мәжілістің кезекті отырысында  Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халық қалаулыларына бұл күнде қызу талқыланып жатқан құжатқа енгізілген өзгерістерді таныстырды. Ондағы ең маңыздысы – шетелдіктерге  жерді сатуға және жалға беруге тыйым салу қарастырылған.

Сапархан ОМАРОВ, ҚР Ауыл шаруашылық министрі:

Бүгінде мораторийге дейін берілген жерлер бар. Атап айтқанда, 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері 7 біріккен кәсіпорынның үлесінде. Үлесінде болғанда соларға жалға берілген. Одан басқа екі шетелдік заңды тұлға 18,5 мың гектар жерді жалға алып отыр»

Ал осы шетелдіктер жалға алған қазақтың жерлерін  қандай мақсатта пайдаланып жатқаны бізге белгісіз. Белгілісі,  жалға алу мерзімі 2022 мен 2025 жылдардың аралығын қамтиды екен. Осы уақыт өткеннен кейін бұл жерлерді түгел қайтарып аламыз дейді министр».

Нақтырақ айтсақ, жаңа құжатқа сәйкес, Қазақстанның жерін сатып та,  жалға да ала аламайтын шетелдіктердің санатына мыналар кіреді.

шетелдіктер
азаматтығы жоқ адамдар
шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар ҚР заңды тұлғалары
халықаралық ұйымдар
халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар

Бұдан бөлек, құжатта қандастарға қатысты да жаңа талап бар.

Сапархан ОМАРОВ,  ҚР Ауыл-шаруашылық министрі:

«Ал, қандастар бойынша, олар жеке қосалқы шарушылығы, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін жер учаскесін ала алады, ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға алуға мүмкіндігі бар»

Сондай-ақ,  депутаттар қазіргі таңда  еліміздің  нақты қанша гектар жері жекеменшіктің иелігінде екенін сұрады. Министрдің есебіне сүйенсек, 1,5 миллион гектарға жуық ауыл шаруашылығы жерлері отандастарымыз пайдалануда екен. Бұл жерлер мораторийге дейін беріліпті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button