Саясат

Мамайдың Байбекке қатысты 100 компания туралы дерегі ойдан шығарылған – заңгер

0
(0)

Алматының Әуезов аудандық №2 сотында белсенді Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбайға қатысты азаматтық істің соталды дайындығы өтіп жатыр. Бұған дейін олар Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек туралы бірнеше видеоматериал жариялаған болатын. Б.Байбек мұны жала деп тауып, екеуін сотқа берген.

Бұған дейін екі рет өткен соталды дайындық отырысына Мамайдың адвокаттары дәлелдік құжаттарын тапсыра алмаған болатын. Күні кеше ерлі-зайыптылар 2 мың беттен тұратын құжаттар пакетін Әуезов аудандық сотына әкеліп өткізіпті. Алайда, Байбектің заңгері Айжан Тәшенованың айтуынша, жауап берушілер сот талабын бұзғанымен қоймай, құжаттарын нақты дәлелдермен толықтыра алмаған көрінеді.

Заңгер А.Тәшенова Мамай мен Иманбаеваның жауабымен танысып шыққанын, бірақ онда ресми құжаттардан гөрі әлеуметтік желідегі аккаунттарға, сондай-ақ Telegram-каналдарға сілтемелер, БАҚ бетіндегі мақалалардың көп екенін айтады.

«Мамай өзінің видеосында Байбекке қатысы бар деген 100 компания туралы айтады. Бірақ, бұл сөздеріне ешбір дәлел келтіре алмады. Менің түсінгенім, жауап беруші тарап құжаттарды дұрыстап зерттемеген. Шынында, Байбектің туыстарына қатысты максимум 10 компания бар, оның арасында біразы бүгінде жұмысын тоқтатқан. Ал, жұмыс істеп тұрғандарының коррупцияға ешқандай қатысы жоқ. Олар Бауыржан Байбек мемлекеттік қызметке келерден әлдеқайда ерте құрылған. Оның үстіне, бұл компаниялардың ешбірі жекешелендіруге қатыспаған, пайдалы қазба өндірумен айналыспайды, бәрі де шағын және орта бизнеске жатады», – деді Бауыржан Байбектің заңгері.

А.Тәшенова аталған компанияларға қатысты толыққанды деректер бере алмайтынын, қажеттілік туса ол азаматтардың өзі сотқа жүгіне алатынын мәлімдеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button