Саясат

Қырғызстан президенті Елбасымен не жайында сөйлесті?

0
(0)

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесті, деп хабарлады Elbasy.kz.

Келіссөз басталар алдында Елбасы мен Қырғыз Республикасының президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті болып сайлануымен құттықтады.

«Қазақстанға қош келдіңіз. Қырғызстан халқы өткен сайлауда өзіңізге үлкен сенім білдірді. Халқыңыздың жарқын болашағы жолындағы жұмысыңызға табыс тілеймін», – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Елбасы тәуелсіздік жылдары бауырлас екі ел арасында қол жеткізілген ынтымақтастық пен серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан президенттері арасындағы келіссөздердің нәтижелі болғанына тоқталып, бизнес байланыстарды күшейтудің және экономикалық қатынастарды нығайтудың маңыздылығын айтты.

Ал Садыр Жапаров Қазақстанның тұңғыш президентіне екі ел арасында байланыс орнату және нығайту жолындағы жасампаз еңбегі үшін алғысын білдірді.

«Сізді Орталық Азияның көшбасшысы ғана емес, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі беделді саясаткер ретінде де құрметтеймін! Сіз біздің халықтарымыздың достығы мен ынтымақтастығын арттыруға зор үлес қостыңыз», – деді Қырғыз Республикасының президенті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button