Сараптама

Еліміздегі басапана жетуспеушілігі: 2022 жылы тұрғын үй құрылысы бәсендеді

Қазақстанда баспананың жетіспейтіні туралы үнемі жазылып жүр. Бұл мәселе үкімет деңгейінде көтеріліп, президент саладағы мәселелерді шешу қажеттігін айтып, «Өз шаңырағың қол жетпес арман болмауы керек» дейді. Өйткені, қауіпсіз және қолжетімді баспанамен қамтылу Қазақстан ұмтылатын БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының негізгі көрсеткіші, деп Newsroom.kz хабарлайды Finprom.kz дпреккөздеріне сүйене отырып.

Сонымен қатар, 2022 жыл ҚР тұрғын үй құрылысы үшін айтарлықтай пессимистік жыл болды. Республикада көп жылдық белсенді өсуден кейін бірінші рет көрсеткіштердің құлдырауы тіркелді және бірден шамамен 10% төмендеді: 12 айда тек 15,4 млн шаршы метр пайдалануға берілді. 2021 жылы көрсеткіш 17,1 млн шаршы метр болған. Бір қызығы, 2022 жылғы көрсеткіштер 2020 жылғы локдаундар мен жаппай тоқырауға ұшыраған «коронадағдарыс» жылының көрсеткіштермен шамалас.

Оның үстіне, тұрғын үйлердің шаршы метрі бойынша халық санына қатысты 2022 жылға арналған көрсеткіштер тек 2021 жылдағыдан (13%-ға жуық) ғана емес, 2020 жылдағыдан (4%) да айтарлықтай төмен. 1000 адамға шаққанда 785,9 ш. м, көрсеткіш өткен жылы 899,2, ал 2020 жылы 817,9 ш. м болған. Елдегі бейби бумды ескерсек, бұл түсінікті, бірақ туу көрсеткішінің жоғары болуы жақсы жаңалық болғанымен, халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесінде осындай қиындық тудырады.

Фото: Dom.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.