Сараптама

Қоқыс өңдеу саласына қолдауды күшейту керек – Бақытжамал Аубакирова

Астанадағы Clean City NS компаниясының қызметкері Бақытжамал Аубакирова саланы дамыту үшін қоқыс өңдеуге қолдауды күшейту керегін айтты, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 3,5 мыңнан аса қоқыс полигоны бар. Оның тек 18%-ы санитарлық талаптарға жауап береді. Еліміздегі қоқыс полигоны 32 мың гектар жерді алып жатыр. Оның ауданы 4 Ақтау қаласы, 2 Тараз қаласының ауданына тең. Сондай-ақ елімізде 8 мыңнан астам заңсыз қоқыс алаңы тіркелген. Бұл мәселе елорда да өзекті.

«Күн сайын зауытқа 1200 тоннаға жуық қалдық жеткізіледі. Қайта өңделетін қалдықтардың үлесі – 15%. Қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтар полигонға жіберіледі. Өкінішке қарай, қоқыс өңдеу саласы басқа елдердегідей тиімді емес. Алматымен салыстырғанда Астананың өзінде қалдықтарды жинайтын және өңдейтін кәсіпорындардың саны көп емес», – деді Clean City NS компаниясы PR-бөлімінің жетекшісі.

Оның пікірінше, саладағы мәселерді шешу үшін кешенді жұмыс жүргізу керек.
«Қалдықтарды сұрыптау бойынша пилот жоба 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Қалада қоқысты жинайтын 88 техника бар. Оның 25 бірлігі қалдықтарды бөлек жинауға арналған. Қалдықтарды сұрыптаудың төмен деңгейі өзекті мәселенің бірі болып отыр. Сондай-ақ тұрғындардың мәдениеті төмен десем артық айтпағаным болар. Себебі, көптеген тұрғын қоқысты қалай тастау керегін білмейді. Қоқысты контейнерге тастамайды. Тіпті, темекі тұқылын қоқыс жәшігіне тастай салады. Олай тастауға болмайды ғой. Өрт шығуы мүмкін. Салдарынан басқа адамдарға қауіп төнеді. Сондықтан бұл салада кешенді жұмыс жүргізілуі керек әрі қоқыс өңдек саласына қолдауды күшейту қажет», – деді Бақытжамал Аубакирова.
Сондай-ақ компания өкіліне «Бүгінде Астанада қоқыс тарифі 390 теңге (тұрғын үй кешендері үшін), ал жер үйлер үшін 466 теңге екені белгілі. Бұл тариф кәсіпкерлер үшін тиімді ме? Шығынды жабуға жете ме?» деп сұрақ қойдық.
«Қазіргі қоқыс тарифі тиімсіз. Өйткені, бүгінде қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай, арнайы техника мен контейнерлер қымбаттады. Бұл негізгі шығын болып саналады. Бірақ бағаны біз белгілемейміз. Оны қала мәслихаты белгілейді. Тарифті көтеру бізге қызмет көрсету сапасын арттыруға, жаңа көліктер сатып алуға мүмкіндік береді», – деді бөлім жетекшісі.
Сонымен қатар Бақытжамал Аубакирова Қазақстанда қоқыс өңдеу инфрақұрылымына қатысты пікір білдірді.
«Бұл салада заңнама мен үгіт-насихат жағы ақсап тұр. Айыппұл немесе ақшалай ынталандыруға келгенде ғана тұрғындарды қайта өңдеу тақырыбы қызықтырады», – деді Clean City NS компаниясы PR-бөлімінің жетекшісі.
Ол қазақстандықтардың қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру үшін насихат жұмысын жүргізу керек деген ұстанымда.
«Қазақстанда белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек әрі қоқысты дұрыс тастамағаны және оны сұраптамағаны үшін айыппұл салу керек. Мұны заңға енгізу керек», – деді Бақытжамал Аубакирова.
Айта кетейік, Үкімет Қазақстанда қоқыс полигонының саны мен оған тасталатын қалдықтың көлемін азайту үшін 6 қалада қоқыс жағатын зауыттар салуды жоспарлап отыр. Бұл зауыттар Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Шымкент қалаларында салынуы мүмкін. 2025 жылдың соңына дейін оларды инвесторлар іске қосуы керек.

Жобаның мақсаты – қоқыс полигонының саны мен ондағы қалдықтардың көлемін азайту. Осылайша, Қазақстан 2025 жылға дейін қоқысты сұрыптап өңдеуді 30%-ға, өртеуге жіберетін қоқысты 20%-ға жеткізуді жоспарлап отыр, ал қалған 50%-ы қоқыс полигонында сақталады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.