Сараптама

Өрт сөндірушілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту Үкімет назарында – Мұрат Қатпанов

Жыл басынан бері  Қарағанды облысында 481 өрт дерегі тіркелді. Тілсіз жаудың кесірінен 17 адам қаза болды, ал 22 адам дене жарақатыналды. Төтенше жағдайлар департаменті әсіресе табиғи өрт дерегінің едәуір өскенін айтты. Бұған не себеп? Бұл туралы Newsroom тілшісі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, полковник Мұрат Қатпановпен әңгімелесті.

Соңғы алты айда облыста 481 өрт тіркелген, ал былтыр олардың саны 477 болған. Мамандар өртөткен жылмен салыстырғанда 16%-ға азайғанын айтып отыр. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері былтыр өңірде 112 өрт болғанын айтады

«Жыл басынан бері Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерімен 6188 жедел шығу жүзеге асырылды. Өртте 126 адам, авариялық-құтқару жұмыстарында 1471 адамқұтқарылды. Биыл департаменттің, оның аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірге 218 мың 507 адамды қамти отырып, жеке сектордағы 68 мың 325 тұрғын үйді аралады. Сондай-ақ 7 мың 839адам 538 жиын өткіздік. Оның барысында 208 мың 104 үгіт материалдары таратылды», – деді Мұрат Қатпанов.

Басшының айтуынша, өрттің қауіпті кезеңінің және жауын-шашынсыз тұрақты ауа райының басталуымен табиғи өрт дерегі біршама өскен. Барлығы 132 жағдай тіркелген. Ал былтыр 182 жағдай болған.

Жалпы ауданы 22 мың га (22 мың 874 га) болатын табиғи өрт дерегі тіркелді.

Олардың ішінде 30 орман өрті, 20 дала және 82 дала жануы дерегі анықталған.

«Табиғи өрттер мен жанулар санының өсуіне маусымда облыс аумағының басым бөлігінде ауа райының ыстық болуы, желдің қатты екпіні 30 м/с дейін, жауын-шашынның болмауы, найзағайдың соғуы (25 дерек), сондай-ақ жекелеген жағдайлар өрттің шығуына ықпал етті. Мәселен қураған шөптердің  жануы», – деді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы.

Мамандар дала өрті болмас үшін жұмысты күшейткен.

«Дала өрттеріне ден қою үшін жергілікті атқарушы органдар 505 ерікті өртке қарсы топтар құрды. Олардың 2 мыңға жуық бейімделген автотехникасы бар. Атап айтатын болсақ, автоцистерналар, автосуарғыштар, сұйық шашқыштар, аспалы сорғылары бар тракторлар және тағы басқа.Сондай-ақ 7 221 адам мен 134 өрт сөндіру мотопомпасы бар. Қолда бар техниканың (жүк және жеңіл көлік) басым бөлігі жеке құрамды жеткізуге арналған. Осыған байланысты облыста өрт сөндіру бекеттерін құру белсенді түрде жүргізіліп жатыр», – деді полковник.

Бүгінде Қарағанды облысының аумағында 55 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Оның ішінде 11 өрт сөндіру бекеті жаңадан ашылған Ұлытау облысына тиесілі. Олардың аумағында 58 мың адамнан асатын халық пен 94 елдімекен бар. Мұндағы өрт сөндіру бекеттері 30 бірлік өрт техникасымен және 76 бірлік бейімделген өрт-техникамен, қару-жарақпен жабдықталған. Нақтырақ айтатын болсақ, 150 дана хлопушка, 70 дана аспалы бүріккіш және сондай-ақ арнайы құрал-саймандар бар.

«Қарағанды облысының әкімдігі бекіткен«Қарағанды облысында 2021 жылдан 2023 жылға дейін өрт сөндіру бекеттерін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 21 өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған. Биылдың өзінде 10 өрт сөндіру бекеті құрылды. Оның ішінде өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру жоспарына сәйкес әкімдіктер 4 өрт сөндіру бекетін құрды. Өрт сөндіру бекеттерін дамыту алдағы уақытта да жалғасатын болады», – деді Мұрат Қасенұлы.

Басшы облыстағы өрт сөндіретін техникаларға да тоқталып өтті. Айтуынша жылдан жылға техникалық жабдықтау жақсарып келеді.

«2019 жылдан бастап Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерін материалдық-техникалық жабдықтау бойынша жол картасы жұмыс істейді. Қарағанды облысы ТЖД техника паркі соңғы жылдары айтарлықтай жаңартылды. Қазіргі уақытта Өртке қарсы қызмет гарнизонының өрт сөндіру автомобильдерінің паркінде әртүрлі мақсаттағы 387 бірлік техника бар. Оның ішінде 177 бірлік негізгі, 34 бірлік арнайы және 176 бірлік қосалқы көлік», – деді басшы.

Мұрат Қатпанов жыл сайын республикалық және жергілікті бюджет тарапынан өрт сөндіру қызметі бөлімшелерін арнайы техникамен және техникалық қару-жарақпен, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету жүзеге асырылатынын айтады.  

«Бүгінгі таңда жергілікті бюджет қаражаты есебінен өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімінің 400 жиынтығы мен 10 тепловизор сондай-ақ құтқару автотехникасын орналастыру үшін 7 жиналмалы ангар сатып алынған. Қазіргі уақытта облыс гарнизонында бар автотехниканың саны өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жеткілікті», – дейді Мұрат Қасенұлы.

Қарағанды облысында Төтенше жағдайлар департаментінде бүгінде 2 мыңға жуық адам қызмет етеді.

«Қарағанды облысы бойынша штат саны 1 927 бірлікті құрайды. Оның ішінде басшы құрам386 бірлік, қатардағы құрам1392 бірлік. Қатардағы және кіші басшы құрамның толық жинақталмауынабірнеше себеп бар.  Жалақының төмен болуы, әлеуметтік жеңілдіктердің әлсіздігіне байланысты қызметкерлер өз қалауы бойынша жұмыстан шығып жатады. Сол себепті төмен жалақы бос лауазымдарды жасақтау кезінде қиындықтар туғызады», – деді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы.

Ал азаматтық қорғау органдарындағы  бос лауазымдарға маман тарту үшін облыстың Төтенше жағдайлар департаменті тұрақты түрде ауқымды жұмыстар жүргізіп тұрады.

«Қазіргі күні Нұр-Сұлтан қаласының оқу орталығында биыл «Өрт сөндірушілер» және «Жүргізушілер» санаттары бойынша бастапқы даярлауға 5 іріктеу өткізілді. Оның қорытындысы бойынша 56 кандидат іріктеуден және бастапқы даярлықтан сәтті өтті. Облысымызда  «В» және «С» санаттары бар жүргізуші куәлігін жасақтау мәселесі ашық күйінде қалып отыр», – деді Мұрат Қатпанов.

Басшы Төтенше жағдайлар департаментінде қызмет ететін азаматтардың жалақысын көтеру мәселелері үкімет назарында тұрғанын айтты.

«Қазіргі күні азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің жалақысы көтеру, олардың тұрғын үй қаржысын төлеу және әскери істерге жақын жұмыс кезінде қосымша үстемеақы беру,құтқарушыларды арнайы атақ берілген азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің категориясына өткізу арқылы зейнет жасын азайту, жұмыс бабы бойынша көшкенде өтемақы төлеу, тұрғылықты орнын ауыстырғанда жүк тасымалына төленген ақшаны қайтару сауалдары бойынша мәселелер құзырлы органдар мен үкімет назарында», – деп сөзін түйіндеді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Қатпанов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.