Сараптама

Өртті болдырмау үшін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз – Нұрлан Жаңабаев

Жыл басынан бері өңірде 140-қа жуық өрт тіркелді. Бұл былтырмен салыстырғанда 3%-ға төмен. Өртті болдырмау үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары,  азаматтық қорғау подполковнигі Нұрлан Жаңабаев айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл 7 айда облыста 138 өрт тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда өрт 3%-ға төмен (2021 жылы 143 өрт анықталған).

Нұрлан Жаңабаев Маңғыстау облысы ТЖД-ға қарасты Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде 806 маман жұмыс істейтінін атап өтті.

«Аттестатталған құрам 722 бірлік. Оның ішінде: орта және басшы құрам – 110 бірлік, кіші басшы құрам – 612 бірлік, азаматтық қызметкерлер саны – 84.

Толық емес, аттестатталған құрам – 118 бірлік. Оның ішінде: орта және басшы құрам – 3 бірлік, кіші басшы құрам – 115, азаматтық қызметкерлер саны – 4.

Аттестатталған құрам 604 бірлік. Оның ішінде: орта және басшы құрам – 107 бірлік, кіші басшы құрам – 497 бірлік, азаматтық қызметкерлер саны – 80 бірлік», – деді басқарма басшысының орынбасары.

Ол өңірдегі Төтенше жағдайлар департаментінде 133 арнайы көлік барын атап өтті.

«Лизинг арқылы 30 автокөлік алу жоспарланып отыр. Бүгінде көліктердің 5% жарамсыз болып саналады», – деді Нұрлан Жаңабаев.

Азаматтық қорғау подполковнигі облыста өртті болдырмау үшін тұрғындар арасында жыл сайын түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

«Бүгінде аулаларды аралау және БАҚ-та түсіндіру жұмыстары жүргізу арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерін оқытуға ерекше назар аударылып отыр. Мысалы Өрт қауіпсіздігі бойынша 216 мектеп пен 7 мың 133 адамдықамти отырып, онлайн режимде 106 интерактивті сабақ және маңғыстаулықкәсіпкерлермен 9 дөңгелек үстел ұйымдастырылды», – деді Маңғыстау облысы ТЖД басшысының орынбасары.

Биыл жұрт көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіретін 22 билборд орнатылған.

«Сондай-ақ тұрмысты төмен топтар арасында да түсіндіру жұмыстары жүргізілді(1 982 адамдың қатысуымен 7 581 рейд жүргізілген). Тұрғын үй секторында жалпы150 мыңнан аса адамды қамтитын, 41 мың аула аралау жұмыстары жүргізілді. Жергілікті полиция қызметі өкілдерімен БАҚ-ты тарта отырып, көлікпен 50 рейд ұйымдастырылды», – деді Нұрлан Жаңабаев.

Жыл басынан бері Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы 8 акция өткізген: «Қауіпсіз Жаңа жыл», «Қауіпсіз көлік», «Көпқабатты ғимараттардағы қауіпсіздік», «Табиғат – тіршілік көзі», «Қауіпсіз балалық шақ», «Балаларымызды қорғайық», «Өртсіз демалыс», «Менің қауіпсіз демалыстарым». Оған 25 мыңнан аса тұрғын қатысқан.

Басқарма басшысының орынбасары өрт сөндіру қызметіне қалай жұмысқа орналасуға болатынын түсіндірді.

«Қызметке тұру үшін үміткерлер 1 кезеңде Қазақстанның мемлекеттік тіл мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өтуікерек. Көптеген үміткер аталған тестілеуден өте алмай қайта тапсыруға қалып қояды. Олар емтиханды тек 1 айдан соң тапсыра алады. Тестілеуден өтпеген үміткерлер жұмысқа тұру мүмкіндігінен айырылады. Лауазымдардың бос тұруының себебі осы», – деді азаматтық қорғау подполковнигі.

Оның айтуынша, 2022 жылғы 11 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қарау айналымы  мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңынақол қойған.

«Осы заңға сәйкес, құқық қорғау қызметіне қатардағы және кіші басшы құрамының лауазымдарына кандидаттардың ҚР заңнамалық және жеке қасиетін бағалау тестілерін тапсыру тәртібі қысқартылды. Биыл 11 қыркүйектен бастап заң күшіне енеді. Бұл өзгерістер алдағы уақытта Азаматтық қорғау органдарына жұмысқа қабылдау мәселесін оңтайландырады және жұмысқа кіру тәртібін жеңілдетеді деп ойлаймын. 2023 жылғы біріншіжартыжылдығына дейін бос лауазымдардың шамамен 60-70% толықтыруға мүмкіндік мол», – деді Нұрлан Жаңабаев.

Мамандар өртті болдырмау үшін қазақстандықтарға төмендегі қарапайым ережелерді сақтауға кеңес береді:

  1. балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  2. төсекте темекі тартпаңыз;
  3. тұрмыстық және басқа құрылғыларды пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындаңыз;
  4. бұзылған электр құрылғыларынпайдаланбаңыз;

Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» қоңырау шалып, оқиға туралы дереу хабарлаңыз.

Өрт жаңа басталған жағдайда оны өз күшіңізбен, су, жамылғыш, өртсөндіргіш арқылы тоқтатуға болады. Егер оны сөндіре алмасаңыз, оқиға орнынан дереу қашып,мамандардан көмек сұраңыз;

Үйіңіз өртенсе, оның ішінде қалмауға тырысыңыз. Мүмкіндік болған жағдайда тоқ көзін, газды өшіріп, есік-терезені жабыңыз. Есікті мұқият бітеп жауып, сыртқа шығып, көршілерге ескертуді ұмытпаңыз. Егерсыртқа шықсаңыз, есікті ақырын ашыңыз. Себебі, оттегінің әсерінен жалын шарпып өтуі ықтимал.

Үйден шыға алмай қалсаңыз, түтін жоқ жерді тауып алыңыз. Жасырынған жердіқолыңызда бар заттармен (ол сулы болғаны дұрыс) бітеңіз, терезені ашпаңыз. Өйткені, ашық тұрған терезе оттегінің тұтанып, өрттің өршуін үдетеді. Су алуға мүмкіндік болса, есік-терезені, айналаңызды дымқыл шүберекпен сулап, сүртіп отырыңыз. Түтіннен тынысыңыз тарылса, шүберекті сулап, мұрныңызға басып демалыңыз. Бір орыннан екінші орынға ауысу қажет болса, еңкейіп не еңбектеп қозғалуыңызға болады.Себебі, еден жақта оттегі көп болып саналады. Мүмкіндік болса, өрт сөндірушілерге қоңырау шалып, жасырынған жеріңізді айтыңыз.

Адамның үстінде киім өртеніп жатса, оның үстіне жамылғы тектес затты жабу керек.Егер сіздің үстіңіз өртеніп жатса, жерге жатып, әрлі-берлі аунаңыз. Бірақ жанұшыра жүгірмеңіз.

Есіңізде болсын, өрт – тілсіз жау. Жаз шыға шөптер қурап, табиғатта өрт дерегі жиі тіркеледі. Табиғатқа шығып, от жаққанда өте абай болу керек. Тұтанып жатқан жалын көрсеңіз, мүмкіндігінше сөндіруге тырысыңыз. Отты ағаштың жасыл бұтақтарынан жасалған сыпыртқымен, қап матасы, брезент матасымен, киімдермен сөндіріп көріңіз. Отты жауып, шетке сыпырып тастап, кішкентай от ошақтарын аяқпен басып тастау керек.

Тағы бір тәсіл – оттың үстін жер құммен көміп тастау қажет. Оны өз күшіңізбен сөндіре алмасаңыз, құтқарушылардан көмек сұрап, тез арада қауіпті орыннан кету керек.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.