Сараптама

Қазақстандықтар Еуразиялық экономикалық одақ туралы қандай пікірде?

2021 жылдың 21 мамыры күні Нұр-Сұлтан қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысы өтті.

Осыған орай, Президент жанындағы стратегиялық-зерттеулер институты қазақстандықтардың ЕАЭО және еліміздің осы ұйымдағы рөліне қатысты не білетіндігі туралы әлеуметтанушылық сауалнама жүргізіпті.

Экономиканың дамуы және қатысушы елдер нарықтарының кеңеюі 1995 жылы Кеден одағының (жаңа нұсқа бойынша ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ) құрылуына себеп болды. ЕАЭО туралы шартқа Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері 2014 жылдың 29 мамырында Астанада қол қойды. Және ол шарт 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Одақтың құрамында 5 мүше-мемлекет бар: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей өз шекаралары арқылы өнімнің импорты мен экспортының жалпы қағидаларын қабылдаған және қол қойылған халықаралық келісімдердің бірқатар шарттарын сақтайды. ЕАЭО елдері аумағының ауданы – 20 миллион шаршы шақырымнан астам (әлемдік құрлықтың 14%), ЕАЭО елдері халқының саны 2020 жылдың басындағы мәлімет бойынша 184,26 миллион адамды құрайды.
Әлеуметтанушылық сауалнама нәтижелеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқан барлық қазақстандықтардың жартысынан астамы 62,9% Қазақстанның ЕАЭО қатысуына оң көзқараспен қарайды. Респонденттердің 7,1% мұндай қатысуға үзілді-кесілді қарсы, қалған 4,9% «дәлірегі теріс» көзқараста екен.
Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі (84,6%) қатысушы-елдер үшін ЕАЭО әртүрлі жағымды жақтарын атап өтті. Бірінші кезекте, бұл қатысушы-елдер арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды сақтау және кеңейту, сондай-ақ қазақстандық нарықтағы тауарлардың сапасы мен ассортиментін жақсарту. Қазақстандықтар үшін жеке тұлғалар ретінде Қазақстаннан тыс жерлерде жұмыс істеу мүмкіндігі, сондай-ақ қазақстандық бизнесті кеңейту оң мүмкіндік болып табылады. Сондай-ақ, қазақстандықтар ЕАЭО-дан еліміз үшін егемендік пен қауіпсіздік кепілдігін көріп отыр.
ЕАЭО төрағалығы 2021 жылдан бастап Қазақстанға өтті, осыған байланысты 2020 жылдың желтоқсанындағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қ.К. Тоқаев еліміздің ЕАЭО төрағалық етуінің басымдықтарын белгіледі. Олардың бірі өнеркәсіптік ынтымақтастық, оның ішінде ғарыш, биотехнология, наноиндустрия, фотоника, заманауи құрамдас база, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеудің жаңа технологиялары, экология салаларында ынтымақтастықты дамыту болды.
Қатысушы-елдер қабылдап жатқан ғылыми-техникалық прогрестің озық ұлттық және әлемдік жетістіктерін шоғырландыру мен ғылыми әлеуетті жұмылдыру бойынша жүйелі жұмыс Еуразиялық экономикалық одақтың инновациялық дамуы үшін табыстың кепілі болады деп үміттенеміз. Сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Армения, Белоруссия және Қырғызстанның әрбір тұрғынына ЕАЭО қызметінің оң әсерін толық көлемде сезінуге мүмкіндік береді.
Еуразиялық Одақ мүшелері үшін макроэкономикалық әсерлері айта өтсек:
1.Қажетті шикізатты тасымалдауға кететін қаржының азаюы тауарлар құнының төмендеуіне алып келеді.
2,Бәсекелестіктің артуы тауарлар мен қызметтердің сапасын арттырады.
3.Үлкен халқы бар нарықтың кұрылуы.

Меруерт АМАНГЕЛДІ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.