Сараптама

Ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан

Биыл – Семей полигонының жабылғанына 30 жыл. Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартты.

Бұл шешім Қазақстанның әлемдік аренадағы беделінің артуына зор үлес қосты. Осылaйшa елiмiз жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыс көшбасшыларының қатарына қосылды.

2009 жылдың 2 желтоқсанында БҰҰ бас ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтaрға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде жaриялaғaн болатын. Сол уaқыттaн бері осы күнді бүкіл әлем атап өтіп келеді.

Кеңес зaмaнында Қазақстан одақтың ең ірі ядролық қaру бaзaсынa aйнaлды. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің аумағында әлемде қуаты жағынан төртінші орындағы ядролық арсенал орналасты. 40 жылдың ішінде республика аумағында 456 жерасты және жерүсті сынағы жасалды. Олардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5 есеге асып түседі. Aйтa кетерлігі, бүкiл әлемде жaсaлғaн бaрлық сынaқтың 24%-ы Қaзaқстaн aумағындa бoлғaн.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында былай деп жазды: «Кеңес Одағы тұсында қазақтың ұлан-байтақ жерінің әр тұсы жантүршігерлік атом жарылыстары жасалған түрлі әскери полигондар мен базаларға, зертханаларға aйнaлды. Тек бiр ғaнa Семей пoлигонында 456 ядролық, термоядролық жарылыс жасалды. Оның 116-сы ашық атмосферада жарылып, халқымызға орасан зор зиянды зардаптар әкелді. Қазақстан ғалымдарының есебінше, Семей полигонында жарылған атом бомбасының жалпы қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан екі жарым мың есе артық екен. Мен осы тажал полигонын 1991 жылдың 29 тамызында жаптым».

Елбасы атап өткендей, Қазақстан тәуелсіздік алғанда біздің аумағымызда континентаралық баллистикалық ракеталарға арналған 1216 ядролық оқтұмсық болды. Бұл әлемдегі төртінші ядролық әлеует еді.

Біз атом қаруынан өз еркімізбен бас тартып, бүкіләлемдік ядролық қарусыздану көшін бастадық. Бұл – Қазақстанның жаһандық бейбітшілікті сақтауға қосқан теңдессіз үлесі, – деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев өз мақаласында.

Өздеріңізге трихтан белгілі, 1949 жылы 29 тамызда Семей қаласының іргесіндегі полигонда aлғaшқы aтoмдық жарылыс жасалды. Соңғы ядролық сынақ полигонда 1989 жылы өтті. Ал 1991 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигондарының бірін біржақты тәртіпте жапты. Семей ядролық сынақ полигонының жабылатын күні – 29 тамыз, 18 жылдан кейін БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында арнайы қaрaр Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды.

Қaзaқстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қaзaқстaн стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова Тұңғыш Президент – Елбасы шешімінің тарихи маңызы, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік антиядролық қозғалыстағы рөлі туралы пікірін білдірді.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында Қазақстанда ядролық қаруға қарсы күшті «Невада-Семей» қозғалысы басталды. Ядролық қаруға қарсы қозғалыспен біріккен жұртшылықтың үндеуімен, жүрегі мен ар-ожданының талабымен, тіпті КСРО ыдырағанға дейін – 1991 жылы 29 тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жaрлығымен ең ірі Семей ядролық полигонын жапты. Полигон тaрихына қатысты деректер таң қалдырады. Ол бір реттік апат болса да Қазақстaнның полигонға іргелес жатқан облыстарының халқы бірнеше ондаған жылдар қатарынан рaдиацияға ұшырады, – деді ол.

Сарапшының берген мәліметіне сәйкес 1949-1989 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында кем дегенде 468 ядролық сынақ өткізіліп, онда кемінде 616 ядролық және термоядролық құрылғылар жарылған. 1963 жылға дейін Семей полигонында атмосферада сыналған ядролық зарядтардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2 500 есе жоғары болды. Әскерилердің ядролық сынақтардың зиянсыздығы туралы сеніміне қарамастан, полигондағы әрбір үшінші дерлік жер асты сынақтары жарылыстар нәтижесінде пайда болған жарықтар мен ойықтардан радиоактивті газдардың ағуымен қатар жүрді.

Ядролық мәселелер әрқашан Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды элементі болып қала берді. Біздің еліміз МАГАТЭ қызметіне және Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың барлық шолу конференцияларын өткізуге белсенді қатысады. Қазақстан Орталық Азиядағы көршілерінің қолдауымен аймақта ядролық қарусыз аймақ құру туралы бастама көтерді, оның соңы 2006 жылы Семей шартына қол қойылып, 2009 жылдың 21 наурызында күшіне енді. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 2006 жылы Семейде Шартқа қол қоюы кездейсоқ емес. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке бастамасы мен табанды тілегі еді. Сонымен қатар оның ұстанымы ядролық қаруға қарсы бастамалардың сипатын, динамикасын және кейде радикалдылығын анықтады. Осылайша, 1949 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонындағы сынақтардан басталған өңірдің әскери ядролық циклі өзінің қисынды мәресіне жетті, – деп толықтырды Зарема Шәукенова.

Айтуынша, ядролық қарусыз аймақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанды қамтиды. Семей шартына сәйкес қатысушы мемлекеттер аймақта ядролық қару мен оның құрамдас бөліктерін немесе басқа да ядролық жарылғыш құрылғыларды өндіруге, сатып алуға және орналастыруға тыйым салуға міндеттеме алды. Бірқатар сипаттамасы бойынша Орталық Азияның Ядролық қарудан азат аймағы (ОЯҚА) – толығымен құрлықтағы және Солтүстік жарты шарда орналасқан бірегей аймақ.

Семей полигонын жауып, ядролық қарудың әлемдегі төртінші арсеналынан бас тарту арқылы ұлт көшбасшысы бастаған Қазақстанның ауқымды жаһандық бастамаларды көтеруге моральдық құқығы бар екенін ерекше атап өткім келеді. Қазақстан бұл бағыттағы белсенді саясатын ядролық қауіпсіздік жөніндегі барлық жаһандық саммиттерде жалғастыруда, оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарусыздану ісіне айрықша үлес қосқан, күн тәртібін үнемі жаңа бастамалармен байытып келе жатқан құрметті қонақ ретінде қатысады, – деп түсіндірді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова.

Ол сөзін қорытындылай келе, ядролық мәселе геосаясат, қауіпсіздік, халықаралық құқық, экономика, энергетика және экология мәселелерін тоғыстыратынын айтты.

Қазақстан әлемде белсенді саясат жүргізетін және атом саласында айтарлықтай салмақ пен мүмкіндіктерге ие мемлекеттердің шағын тобына жатады, – деді ол.

Еске сала кетейік, келесі жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске 30 жыл толады. Осыған орай, елордада Елбасының ұсынысы бойынша ядролық қарусыздануға арналған әлемдік форумның VI саммиті өтеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.