Сараптама

Масқара! Түркия қару сатып 3 млрдқа жуық доллар тапқан

Германия 142 млн 816 мың доллардың өнімін алған. 

Бір қызық мәлімет айтайын ба?  Түркия билығы қаңтар мен қараша аралығында   2 млрд 793 млн 974 мың доллардың  қорғаныс және  авиация  өнеркәсібі өнімдерін экспортқа шығарыпты – деп жазды белгілі сарапшы әрі журналист Амангелді Құрметұлы өзінің фейсбук парақшасында.

«Келесі жылы бұл  мөлшер 3 млрд доллардан сөзсіз асып түседі деп болжаймын өз басым. Ал осы өнімдердің  көбін қай ел сатып алғанына тоқталсақ, көш басында АҚШ тұр. 1 млрд 32 млн 615  мың долардың затын сатып алса керек.  Одан соң Әзербайжан 192 млн 126 мың долларға қару-жарақ пен авиация саласына қажет жабдықтар сатып алыпты» – деген А. Құрметұлы «үшінші орында  180 млн 544  мың  доллардың өнімін сатып алған Катар тұр» – дейді.

«Төртінші орын  БАӘ-нің еншісінде. Түріктерден қорғанысқа қажет  161 млн 373 доллардың өнімін импорттапты. Германия 142 млн 816 мың доллардың өнімін алған.  Бір сөзбен айтқанда түріктер қару-жарақ пен авиация  нарығында орныға бастады деген сөз. Өйткені түрік өнімдерін импорттайтын  ТОП-20 мемлекеттің ішінде Украина, Франция, Ұлыбритания, Қытай, Канада, Нидерланды, Үндістан қатарлы елдер де бар. Тіпті жиырмалыққа Түркіменстан мен  Өзбекстан да енген. Ашхабад  37 млн 683 мың доллардың, Ташкент  29 млн 193 мың доллардың өнімін сатып алыпты. Ал Қазақстан  ТОП-20  тізімінде жоқ. Демек біз Түркияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдеріне әлі де қызықпай отырған сияқтымыз» – деген пост авторының бұл жазбасы желіде қызу талқыланған.

«Керемет статья. Ізденіс дегеннін көкесін танытыпсыз. Мәліметтер үшін размет. Енбегіңізге жеміс тілеймін» және «Қайсысы қымбат? БТР қанша тұрады? Барыс? Арма?Түркі, түркі дей бергенше бағасына да қарап қоялық» – деп қызу талқыланған пікірлер келіп түскен.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.8 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.