Сараптама

Бүгінгі қала (урбанизация талқысы)

«Ауыл жайлы болса, жұрттың қалаға көшіп несі бар?..».

«Ауыл жайлы болса, жұрттың қалаға көшіп несі бар?..».
Осы қысқа сауал қазіргі күрделі мәселенің негізгі себебін анық айтып тұрғандай. Ал, шын мәнінде, бұл – қоғамды сынап отырған әлеуметтік әрі экономикалық проблема. Соңғы ондаған жылдар бедерінде халықтың ауылдан қалаға көшу үрдісі тоқтаусыз жалғасып келеді. Бұл – біздің елге ғана емес, дүние жүзіне ортақ құбылыс. Тіпті ХХІ ғасыр – «урбанистика ғасыры», шаһарлар, кенттер алға шығып, бәсекелесетін ғасыр деп айдарланғаны да бекер емес. Қазірдің өзінде әлем халқының 50 пайыздан астамы қалаларға шоғырланған. Олардың саны, ғалымдар болжамына сенсек, ендігі 25 жылдан кейін 75 пайызға өсетін көрінеді.
Расында, жұрттың бәрі жерұйық іздеп кетпесе де, жанға жайлы, тұрмысқа қолайлы мекенді қалайтыны ақиқат. Бұл бағытта жаһан ғалымдары мен мамандары зерттеу жүргізіп, түрлі ұсыныс әзірлегені де мәлім. Дәл осы жағдай көп елдерде жаңа көзқарас қалыптастыруға түрткі болды. Тіпті жаңа заңдардың тууына, жаңа мамандықтардың өмірге келуін тездетті. Айталық, бүгінде “урбанист”, “сити-менеджмент” т.б. терминдер бұрын қолданыстағы қала жоспарлау, қала құрылысы деген ұғымдарды он орап алатын деңгейге көтерілді. Өйткені, үлкен сұранысқа ие бұл мамандық әр түрлі кәсіп иелерін бір мақсатқа тоғыстырады. Мақсаты – экологиялық үйлесімді сақтай отырып, қала кеңістігі мен ортасын, архитектурасын тұрғылықты қауымның қалауына қарай дамыту, адамдардың психологиясын өзгерту. Бұрынғы инфрақұрылымды заманауи технологиялармен байыту, халық тұрмысын одан әрі жақсарту. Қаладағы құрылыс аумақтарын, көлік қозғалысын, қарым-қатынас түрлерін реттеу, ғимараттардың кескін-келбетін үйлестіру ғана емес, тұрғындардың жүріп-тұруын, мәдениетін, көңіл-күйін, құлығын қалыптастыруға, сырттан көшіп келетіндердің шаһар тіршілігіне бейімделіп, жаңа өмірге, қауымдастыққа тезірек кірігуіне ықпал ететін тетіктерді қосу – урбанистердің жатса да, тұрса да ойынан бір кетпейтін істер. Әрине, бұл салада да ең бірінші кезекте менеджментке мән беріледі. Урбанистиканы ескерген дизайнер, ресторатор, програмшы, құрылысшы, саясаттанушы, психолог, социолог т.б. кәсіп иелері өз міндеттерін қала табиғаты, құрылысы мен құрылымы тұрғысынан қарап, шешетін болады. Олар қажетіне қарай әртүрлі білім мен машықты ортақ мақсатқа жұмылдырып, қаланың игілігіне жұмсауға тиіс. Болашаққа бағытталған, күн сайын құны артып келе жатқан мамандық иелері біздің елімізде жеткілікті ме? Өкінішке қарай, бұған тұшымды жауап бере алмаймыз. Өркениетті елдер бұған күні бұрын қамданып, мәселені ертеден күйттеген және оны күн тәртібінен түсірген емес. Біздегі жағдайға келсек, Almaty Management University алғаш 2019 жылы ғана “Урбанистика и сити-менеджмент” мамандығына талапкер қабылдай бастапты. Бізде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ деген құрылым бар. Ол әлемдегі ең үздік тәжірибе мен әдістерге сүйене отырып, қаланы тұрақты дамыту, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысуды мақсат тұтады. Осы құрылым ұйымдастырған Urban Talks және Urban Forum Kazakhstan сияқты тәуелсіз диалог алаңдарының тиімді болғанын атап айтамыз.

Мұндай шаралар азаматтық қауымның үніне құлақ асуға жол ашады.
Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында “URBAN-FORUM” жиындары өткеннен соң, ел астанасында Урбанистика орталығы қала әкімдігіндегі кеңесші орган ретінде іске қосылған. Мұнда да қаланы дамыту мәселелерін талқылауға қала белсенділері мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатыса алады. Соның нәтижесінде аз уақыттың ішінде қала қозғалысына, көпірлерге, жасыл аймақтарға, парктерге, велосипед жолдарына байланысты тың ізденістер мен жобалар жүзеге аса бастады.
Бір қарағанда, жоғарыдағы мәселе еліміздегі екі-үш қалаға ғана қатысты сияқты. Жоқ, олай емес және жоғарыда аталған не аталмаған өзге шаһарлардың даму тұжырымдамасын урбанизация тұрғысынан қайта қарау қажеттілігін уақыттың өзі талап етіп тұр. Кез келген қала кеңістігі, шаһар мен ауыл арасындағы қозғалыс, қарым-қатынас жыл өткен сайын қиындайтыны жасырын емес. Мәселен, бір көлік кептелісінің өзі не тұрады? Алматы маңайын алайық. Алыс ауылдардың тұрғындары мегаполиске күнде қатынайды. Бірі – күнкөріс, бала-шаға қамымен көлікке отырса, екіншісінің қызметі, жұмысы қалада. Сондықтан кәсіп пен нәсіп үшін таңғы бес-алтыдан қимылдайды. Таңның атысымен радиусы 100-120 шақырымнан күре жолмен қалаға тарту, кешқұрым қайта оралу – есіл уақыттың есебін көрсететін шама. Миллион тұрғынымен мақтанатын немесе соған жетуді армандайтын қалаларымыздың ертеңі осындай қияметке кезікпесіне кім кепіл? Жол азабын азайтып, халықтың алтын уақытын зая кетірмеуге қарапайым адамнан бұрын үкімет орындары, тиісті министрліктер мүдделі болуға тиіс деп ойлаймыз. Ендеше урбанизация үрдісіне мемлекеттік көзқарас, яғни ғылымға негізделген жобалар ауадай қажет. Сонда еліміздегі адам капиталын, еңбек ресурстарын пайдалануда парық, өлшем, әділеттілік орнығар еді. Әзірге бұл – шешімін күтіп жатқан мәселе. Бірақ жүйесімен атқарылса, игілікті бастама.
Еліміздің көп қалаларында, облыс орталықтарында кәсіби урбанистер болмағандықтан, бұл бағыт стихиялы түрде, өз бетімен жүріп жатқандай. Қайткенде де жүйелі жұмыс әзірге байқалмайды.
Жергілікті атқарушы билік өкілдері айналысатын маңызды тағы бір міндет бар. Ол – қалаға келіп-кетушілердің ғана емес, біржола қоныс аударушылардың сана-сезімі, тағаттылығы, тәртібі, тәрбиесі мәселесі. Бұл – көп қырлы шаруа.
Егер ішкі миграциядағы (көші-қон) қарқын мен халықтың қалаға үдере көшуін ескерсек, урбанистерді даярлаудың маңызына ерекше ден қояр едік. Оның үстіне, әрбір қаланың өзіндік ерекшелігі болатыны белгілі. Сондықтан оның өткені мен бүгінін, демографиялық ахуалды зерттемей, архитектуралық нысандар мен коммуналдық қызметтер жүйесін, қаланың барлық мәліметтерін, статистикалық деректерін талдамай жоғарыда айтылған урбанизация үрдістерін мемлекеттік тұрғыдан реттеу мүмкін емес. Көпшілікке ортақ қоғамдық орындардағы тәрбиелі мінез-құлықтан, сәлемдесу әдебінен, тазалық пен тәртіп сақтаудан, алуан түрлі қызметтерді тұтынудан бастап, қала тұрғындарын топтастыра түсетін ортақ мереке-мейрамдар, сауық-сайрандар, ауқымды, салмақты саяси, әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық шаралар кез келген қаланың біртұтас мәдениетін құрайтынын еске ұстағанымыз жөн.
Мәселен, қалаға және оның маңайына қоныстанушыларға қатысты қандай мақсатты жұмыстар жүргізілуге тиіс? Қауіпсіздік шаралары, әлеуметтік көмек өз алдына, қалаға біржола көшкендердің ортаға бейімделуін жеңілдету – маңызды қадам. Ортақ қоғамдық келісімге мойынсұну үшін олардың есебі анықталып, қоныстану, еңбекке араласу, жұмысқа орналасу картасы түзілгені жөн. Жол іздеген алмаған кісіге жол көрсеткендей, соқпағын таба алмай, абдырағанды жетекке алғандай көмек көрсету мемлекеттік мекемелер, қызметкерлер мойнындағы абыройлы борыш болуға тиіс.
Үкіметтің үш жарым мың ауылды өркендетеміз деген жоспарынан хабардармыз. Нақты айтсақ, «Ауыл – ел бесігі» жобасы шең­бе­рін­де ауыл тұрғындарының 90 па­йызы немесе 7 млн адам тұратын 3 477 ауыл жаңғыртылмақ. Барлығы 1,3 трлн теңге бөлу көзделген. Оның ішін­де ауылдарды дамытуға 2026 жылға дейін 900 млрд теңге бөлінетіні ресми түрде жария етілді.
Оның үстіне, қазіргі таңда бір жағынан кадр тапшылығы, екінші жағынан жұмыссыздық (сорақысы – еңбексіздік індеті де жайлап барады) ауылдың алқымынан алып тұрғанын жасырудың қажеті жоқ. Керісінше, оны шешу жолдарын екіжақты талқылап, бірге қарастыру керек. Әйтпесе, ауылдың, ауыл шаруашылығы проблемаларының ұшы-қиыры жуықта көрінер емес. Сонымен бірге үш жарым мыңдық тізімге енбей қалған ауылдарымыздың тағдырын да тәлкекке салуға болмас. Олар бойынша толық түгендеу (инвентаризация), сұрау салу арқылы сараптау жұмысы жүргізілуге тиіс. Ондай ауылдарды өркендетуді отандас, әлеуетті іскер азаматтарға, бизнесмендерге белгілі бір шартпен ұсынар болса, талапкерлер табылып, болашақ миллионерлер ауылдан шықпасына кім кепіл?
Ең күрделі мәселе – оларды үкімет тарапынан бекітілген ұлттық жобаларды жүзеге асыруға қатыстыру. Ол үшін тиісті талаптар анық жазылып, ашықтық қағидаты қамтамасыз етілуге тиіс. Әрине, бұл жерде интеграцияланған цифрландыру жүйесінің көмегі тиетіні сөзсіз. Әлеуметтік мәртебесі, білімі, өнері, қабілет-қарымы, тәжірибесі, еңбек өтілі, отбасы жағдайы, тіпті өндірістік мінездемесіне дейін ескерілуге тиіс. Мысалы, тәжірибелі дәнекерлеуші мен кірпіш қалаушыны өз алдына, делдал мен қарауылды жеке қараған дұрыс болады. Әр кәсіп иесінің мүмкіндігіне, біліктілігіне, іске жарамдылығына кепіл не кепілдеме қажет.
Қажет болған жағдайда, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыру да қиынға соқпайды.
Ал қатысуға мүмкіндігі шектеулі немесе белгілі себептермен қатыса алмайтын азаматтар тіркеуге алынып, олардың біліміне, қабілетіне лайық өзге ұсыныс жасалса, шұғыл түрде жұмыс күшіне сұранысы бар салаларға маман даярлауды жолға қоюға болар еді.
Соңғы он жыл көлемінде ауыл халқының саны 45 пайыз болса, қазір ол 41,5 пайызға дейін төмендеген. Ал 2019-2020 жылдары ауылдан қалаға 750 мыңнан астам адам жұмыс үшін амалсыз көшкендігі расталып отыр. Сондықтан жер-жерде оңынан шешіліп жатқан тұрғын үй – баспана салудың өзін жан-жақты зерттеп, іске асырмаса, ме