Сараптама

Сапархан Омаров ауыл шаруашылығы саласына қандай өзгерістер енгізді?

Омаров мырзаның бірінші кезекте ел мүддесі мен игілігі жолында күрескенін көруге болады, өзіне артылған сенімді ақтауға тырысқаны анық.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы басшысы бұл лауазымда немен есте қалғанын және қандай министр болғанын тәуелсіз журналист Валерий Сурганов kazvedomosti.kz сайтында жазды деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі. 
Сондай-ақ журналист экс-министр Сапархан Омаров кезінде енгізілген бірнеше пайдалы өзгерістерге де тоқталып өтті.
Атап айтсақ, 2020 жылдан бастап ауыл шаруашылығында ерікті сақтандыру жүйесі енгізілді. Құрғақшылық пен артық ылғалдан қорғау бойынша сақтандыру өнімдері әзірленді, сондай-ақ республиканың мал шаруашылығы саласында тұңғыш рет ірі қара малды сақтандыру мүмкіндігі пайда болды. Ол үшін Swiss Re халықаралық сақтандыру компаниясы тартылды.
Фермерлер сақтандыру өнімдерін белсенді түрде қолдана бастады. Өткен жылдың өзінде олар 115 мың гектар егістік пен 2 мыңнан астам ірі қараны сақтандырды. Бұл алғашқы жыл үшін жаман нәтиже емес.
Бюджеттік заңнамаға және ағымдағы «үш жылдық» кезеңге (2020-2022 жылдар) өзгерістер енгізілді. Бұл жергілікті бюджеттен бөлінетін субсидия көлеміндегі теңгерімсіздікті жоюға мүмкіндік берді.
2020 жылы республиканың төрт облысында (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау) ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптарға ғарыштан бақылау бойынша пилоттық жоба қолға алынды. Нәтижесінде 8,3 млн.га аумақта пайдаланылмайтын жерлер анықталды, оның 0,7 млн.​​ гектары егістік, 7,6 млн. гектары жайылымдық жерлер.
Жалпы алғанда, ғарыштан бақылау өзінің тиімділігін көрсетті, өйткені ол барлық ауыл шаруашылығы жерлерін талдауға мүмкіндік береді, уақыт пен материалдық шығындарды үнемдейді. Биылғы жылдың қаңтарынан бастап ғарыштан бақылау бүкіл республика бойынша қолданыла бастады.
Сонымен қатар, ауылшаруашылық кәсіпорындарының техникалық жабдықталуын жақсарту егістік алқаптың, түсімнің және жалпы егіннің өсуінің міндетті шарты болып табылатыны анық. Машина-трактор паркін жаңарту қарқыны 2020 жылы 4,1%-ға жетті. Бір жыл бұрынғы 12 022 салыстырғанда 15 323 бірлікке көбейді (өсім 27%).
Сапархан Омаров министр ретінде суды үнемдейтін технологиялар мен жабдықтарды ілгерілету үшін күресті, жем өндіру мәселесінде өнімділікке басты назар аударды. Алайда дәл осы құрғақшылық, судың, жемнің жетіспеушілігі, оның нәтижесінде техникалық және технологиялық жағынан артта қалған шаруашылықтарда малдың қырылуы оның отставкаға кетуіне себеп болды.
Мүмкін Сапархан Омаров отандық агроөнеркәсіптік кешен өкілдеріне қатысты тым оптимистік көзқараста болған шығар. Министр барлық фермерлер мен ауылшаруашылық холдингтер ортақ іс үшін жұмыс істейді деп ойлады.
Әрине, Қазақстанда да берілген мүмкіндіктерді бағалай алатын, жер мен техниканы инвестициялауға дайын адамдар мен озық шаруашылықтар бар. Алайда бес саусақ бірдей емес. Барлығы тек ауыл шаруашылығы министрлігінің қолында емес.
Қазір тіпті ауыл тұрғынының өзі далада жұмыс істеуге құлшынып тұрған жоқ. Оның орнына қоғамдық көлік жүргізушісі, кеңсе қызметкері немесе малдың күнделікті күтімімен, егін отырғызу әрі оны жинау, ағаш кесуді қажет етпейтін үлкен қаланың тұрғыны болғысы келеді. Жалпы, бәрі министрге байланысты емес.
Енді ауыл шаруашылығы министрлігінің экс-басшысы өз қызметінен ешкімді айыптамай абыроймен кетті.
Осылайша Омаров мырзаның бірінші кезекте ел мүддесі мен игілігі жолында күрескенін көруге болады, өзіне артылған сенімді ақтауға тырысқаны анық.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.