Сараптама

Дәйекті реформалар – орнықты мемлекет

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеті жылдық бір мерзімді енгізу туралы бастамасы – Қазақстандағы президенттік институтты трансформациялаудың соңғы элементі екендігін мәлімдеді деп newsroom.kz хабарлайды.

Ермек Тоқтаровтың айтуынша, Президент реформаларды өзінен бастайды. Еске сала кетейік, референдум қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының өкілеттігі шектелген болатын. Оған сәйкес Президент саяси партияның мүшесі болмайды, сайланған ауыл әкімдерін қызметінен алып тастай алмайды, әкімдердің шешімдерін жоя алмайды және т.с.с. Бұл реформалар билікті монополиясыздандыруда одан әрі ілгерілеуге мүмкіндік береді.

Президенттің билікте болу мерзімдерінің санын қысқарту мерзімнің өзін жеті жылға дейін ұзарта отырып, президенттік басшылықтың жаңа стилін қалыптастырады. Осы норманың қабылдануымен Президент келесі мерзімге дайындалуға емес, өзекті мәселелерді шешуге назар аударады. Бір жағынан ол мерзімдер санымен шектелсе, екінші жағынан өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын іске асыру үшін жеткілікті уақыт алады. Сондай-ақ дауыс жинауға бағытталған қандай да бір популистік шаралар жүргізілмейді. Жеті жылға бір рет сайланған Президент өзінің нақты міндеттерін орындауға күшін жұмылдыруы керек.

Бұдан басқа Президентті қайта сайлау тетігін алып тастау жоғарғы биліктің ауысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы норманы түпкілікті бекіту, оны заңнамалық бекіту болашақ президенттердің өкілеттіктерін ұзарту үшін заңнамамен қандай да бір айла-шарғы жасауды болдырмауға мүмкіндік береді.

Президенттің жеті жылға бір мерзімге сайлануы туралы норма Қ.К.Тоқаевтың реформаларының рухына сәйкес келеді. Тарих жоғарғы билік кезең-кезеңмен ауыстырылуы керек екенін көрсетті. Бұл тұрақты және болжамды саяси жүйені құруға ықпал етеді. Дәл осы қадам геосаяси және макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында тәуелсіз Қазақстанға қажет.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.