Құқық

Ереуілден кейін ұсталғандарды ұрып-соғып, азаптап жатқаны рас па – Бас прокуратура түсінік берді

«Бүгінде прокуратураға азаптау және полиция қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқығын бұзу дерегі бойынша 91 шағым түсті

НҰР-СҰЛТАН. Newsroom.kz порталы – ҚР Бас прокуратурасы елде болған жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталған азаматтарды азаптап жатыр деген ақпаратқа ресми түсінік берді, деп хабарлайды inform.kz сайтына сілтеме жасап

«Бүгінде прокуратураға азаптау және полиция қызметкерлерінің тергеу барысында азаматтардың құқығын бұзу дерегі бойынша 91 шағым түсті. Әр шағымға шара қолданып жатырмыз. 19 шағым бойынша көрсетілген заңбұзушылық расталмады. Ал 56-сы бойынша тексеру жүріп жатыр. Сондай-ақ, кей жағдайда азаматтардың құқығы бұзылғаны расталды. Мысалы, 12 қаңтарда Алматы қаласының прокуратурасының араласуымен заңсыз қамауда отырған 24 қала тұрғыны босатылды», – деді ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның мәлімдеуінше, аталған факті бойынша арнайы прокурор тергеу жүргізіп жатыр.

«Сонымен қатар, ұсталғандарға қатысты адам өлімі, азаптау, билігін асыра пайдалану деректерімен қылмыстық істер тергелу үстінде. Республика бойынша осындай 16 қылмыстық іс басталды. Одан бөлек, құқық қорғау органы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің алдын алу мақсатында, барлық өңірде арнайы мобильді топтар құрылғанын тағы бір еске саламыз. Азаматтар prokuror.gov.kz ресми сайтымен қатар, облыстық және Бас прокуратураның сенімді телефоны арқылы жүгіне алады», – дейді ол.

Әли Ибраев

inform.kz

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.