Құқық

Елімізде жұмыссыздар қатары артқан

0
(0)

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар үшін арнайы демалыс берілмейді. Бұл жөнінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Шенеуніктің айтуынша, егер адам екпе алған жағдайда өзін жайсыз сезінсе учаскелік дәрігеріне қаралып, еңбекке жарамсыздық қағазын алуға болады. Одан бөлек, бүгінгі брифингте еліміздегі жұмыссыздық жайы да сөз болды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ержан БІРЖАНОВ, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары

Жұмыссыздық деңгейі жоғарыда айтқандай 4,9% құрайды. Бүгінгі таңда мысалы жылдың басында 65 мың сұраныс болса құрылысшыларға және де қызмет көрсететін салаларға, қазіргі таңда маусымдық кезең ғой.   Денсаулық сақтау саласында дәрігерлер тапшы. Және онлайн форматта жұмыс істейтін IT специалистер тапшы».

Нақтырақ айтсақ екі қолға бір күрек таппай жүргендердің саны 449 мыңнан асып жығылған. Ал, кейбір мамандықтар сұраныс болмаған соң мүлде жойылудың сәл ақ алдында тұр екен.

Ержан БІРЖАНОВ, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

Қазір еңбек нарығының структурасы өте өзгеріп жатыр. Кейбір мамандықтар мүлде жойылып жатыр. Жаңа мамандықтар пайда болып жатыр. Өздеріңіз көргендей қазір көп қызмет көрсетудің түрлері онлайнға ауысып жатыр. Бізде сол өзгерістерден кері қалмай жаңа бағдарламаларды қолданғалы жатырмыз».

Бүгінгі брифингте еліміздің солтүстігіне жұмыс күшін тартуға бағытталған бағдарламалар жайы да сөз болды. Мәселен, «Серпін» бағдарламасымен өткен жылы оңтүстіктен 1600 жанұя немесе 5800 адам теріскейге қоныс аударыпты. Оның 3800-і еңбекке қабілетті жандар. Ал, елімізде жұмыссыз жүрген жандардың денін нәзік жандылар құрайтын көрінеді.

Ерболат АБУЛХАТИН, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және миграция комитеті төрағасының орынбасары:

2020 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жұмыс істеп жүрген азаматтардың саны 9,2 млн құрады. Ал, жұмыссыз жүргендер саны 440 мыңнан асты. Еңбекке жарамдылардың жас мөлшеріне келсек, 29 жастан 44 жасқа дейінгі азаматтардан құралады. Оның басым бөлігі әйелдер».

 

Пандемиядан енді ес жиып жатқан салаларға қазір ведомство жаппай жұмыс күшін тарту жайын қарастырып жатыр екен. Мәселен, биыл 156 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Ал, жастар практикасы аясында 39 мың адам екі қолға бір күрек тапқан. 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button