Құқық

4 баланы өрттен құтқарған адам Adam Bol Awards сыйлығының лауреаты атанды

0
(0)

Алты адамды, оның ішінде төрт баланы өрттен құтқарған Қазақстанның ауыр атлетикадан чемпионы Дәурен Рымқұлов Adam Bol Awards сыйлығының лауреаты атанды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жеңімпаздардың ерлігі баршаға үлгі екенін айтты.

«Adam Bol Awards сыйлығының иегерлерінің әрқайсысы құрметке лайық. Олар халыққа жанқиярлықпен қызмет етті»,  – деді Бақытжан Сағынтаев.

Жеңімпаздың бірі – хайуанаттар құқын қорғаушы Сергей Снегирев. Ол отқа оранған аймақтан 22 итті алып шыққан.

Adam Bol Awards сыйлығы – бейбіт күннің батырларына арналған сыйлық. Жобаның құрылтайшысы – «Жандану әлемі» қайырымдылық қорының негізін қалаған Әлия Назарбаева. Ол – Қазақстан Экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрайымы, «Ұлттық балалар әндерінің «Бала дауысы» жобасының авторы.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button