Құқық

Сот Арон Атабекті мерзімінен бұрын босатты

5
(2)

Диссидент, ақын Арон Атабек бостандыққа шығады.

1 қазанда Павлодар қалалық №2 соты Арон Атабектің жазасын денсаулығына байланысты жеңілдету жөнінде түрме әкімшілігінің өтінішін қарап орындаған  деп жазады azattyq.org.

Сот ақпаратына қарағанда, дәрігерлер Арон Атабектің дауасы жоқ сырқатқа (омыртқааралық дискісінің зақымдалуы) ұшырағанын анықтаған.

«Заңда баяндалған мән-жайлар мен процеске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды. Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар» делінген сот хабарламасында.

2006 жылғы «Шаңырақ» оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізген, құқық қорғаушылар саяси тұтқын деп таныған диссиденттің шамамен бір апта бұрын ауруханаға түскені белгілі болған. Жазда Қазақстанда Ұлттық алдын алу тетігі (ҰААТ) қатысушылары түрмеде Арон Атабекпен жолығып, халінің нашар екенін айтқан.

Бұған дейін оның денсаулығына алаңдаған азаматтық қоғам өкілдері президентке хат жазып, босатуды сұраған.

(Жаңалық толықтырылады).

Дереккөз: https://www.azattyq.org/a/31487371.html?fbclid=IwAR0KG9itvKibvlb0aAq6PZYkJGh-gfCbEFf65YjRom70DeUmgxvfkpQdrrI

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button