Қоғам

Перизат Мырзахмет: педофилдерді донор ретінде пайдалану керек

3.7
(7)

Елді дүрсілкіндірген Сәтбаев қаласындағы оқиғаға байланысты, әлеуметтік желілерде қоғам белсенділері өз пікірлерімен бөлісіп, оқырмандары арасында педофилдерге қолданатын жаза түрі туралы кішігірім сауалнама жүргізді. Барлығы ату жазасына кесу мен өмір бойына бас бостандығынан айыру сынды ыза толы пікірлерін жеткізді. Блогер, қоғам белсендісі, журналист Перизат Мырзахметте өз инстаграм парақшасында педофилдерге қатысты ойын білдіріп, ұтымды жаза түрін ұсынды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Перизат Мырзахметтің инстаграм парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оларға өлім аз. Бірақ.

Өмірімде бірінші рет адамға жаза ойлап табумен болдым. Алуан түрлі нұсқасын…

Адам ретінде, ана ретінде балаға қиянат жасауды ең ауыр, кешірілмес күнә деп білемін. Екі дүниеде қорлыққа лайық.

Өз шақшадайым шарадай болған соң сіздердің көмекке жүгіндім. Оқырманның 4/3 бөлігі өлім жазасын таңдаған. Қалғандары: толық піштіру, азаптау, өмір бойына оқшаулау, ауыр жұмысқа салу деген нұсқаларын жазды. Бірақ.

Неге бірақ дей берем? Қазіргі билік, сот жүйесіне өлім жазасын сеніп тапсыра аламыз ба? Меніңше өлім жазасы енгізілген күні барлық саяси қауіпті элементтер «педофил» деген деректер табылып, билікке қарсы сөйлемек түгілі уф дегеннің бәрі ату, асу жазасына кесіледі. Ешқандай фактчекинг көмектеспейді. Ешкім ақтап шыға алмайды. Зорланған бала да, арызданған ата-ана да рөлдерін керемет сомдап береді. Оған көктемдегі Әліби ісі дәлел.

Сондықтан өлім жазасы – қазіргі биліктің қалауы. Американ лингвисі Ноам Хомскийдің «Бұқараны манипуляциялаудың 10 тәсілі» деген зерттеуіндегі 2-тәсіл: «Бұл әдіс «мәселе-әрекет-шешім» деп те аталады, яғни билікке тиімді шешімді қабылдауды халықтың өзі талап ететіндей мәселені ойдан құрастыру. Мысалы: қалаларда зорлық-зомбылықтың жиілеуіне жол беру немесе қырғын лаңкестік әрекеттер ұйымдастыру арқылы азаматтық бостандықты шектейтін саясатты жүргізетін, қауіпсіздік шараларын күшейтетін заңдарды қабылдау туралы ойды халық аузына салып береді»…

Толық механикалық піштіру де көмектеспейді. Зерттегендердің айтуы бойынша педофил сексуалды ләззат алудан гөрі әлсіздің қиналуы, жалынуы, жылауынан рахат табады. Сондықтан бостандыққа шыққан соң тағы да қайталайды…

Өмір бойы түрмеде отырғызғым келмейді. Неге біздің салық балалардың мектебіне, грантына, тұрғын үйіне емес, қылмыскерді асырауға жұмсалуы керек?

Сауалнамадан бір ғана жауап көңілге қонды: «зорлықшыны донор ретінде пайдалану». Жылына мыңдаған бала донор таппай, қиналып көз жұмады. Ал бізге 12 мүшесі толық қылмыскер не үшін керек? Бауыр, бүйрек, тері сияқты мүшелерді пайдалану ойға сиятын сияқты.

Сөйтіп ойтолғақ қорытындысы. Әрине, әлгі 30 жылда дені дұрыс бір заң қабылдай алмаған жепутаттар қабыл алса…

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 7

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close