Қоғам

Шетелге көшу сәнге айналған ба?

5
(1)

Қазақтар қыр асуда. Биыл жыл басынан бері 9 айда 21 мың адам шетелге көшсе былтыр 43000 адам буынып-түйініп елден кеткен.

Оның жартысынан астамы, дәлірек 52 проценті орыстар. Екінші орында украин мен неміс ұлтының өккілдері. Әрине, олардың тарихи отандарына қоныс аударуы  заңдылық. Ал осылардан кейінгі орында қазақтар тұр. 37 пайыз. Шетелге көшіп кеткен сол 37 пайыздың басым бөлігі 25 пен 37 жас аралығындағы жастар екен.

Яғни адам жүрген жер ақша. Бұл дегеніңіз Қазақстаннан қыруар қаражат қыр асып жатыр деген сөз. Мысалы, мемлекет оны оқытады, тоқытады, бала-бақшадан бастап, мектеп, университетте білім береді. Ал сол талай жылғы инвестицияны қайтаратын уақыт келгенде көшеді де кетеді. Алмақтың салмағы бар екенін біле тұра өзге елдің экономикасына жұмыс істейді. Әрине бұл көштің объективті себептері де бар. Бұл туралы  Newsroom+ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми статистикаға сүйенсек, биылғы жылдың тоғыз айында Қазақстаннан 21 мыңнан астам адам шетел асып кеткен. Эмигранттардың орта жасы 25-37 арасы.

Карантинге қарамастан, эмигранттар саны бойынша Қазақстан ТМД елдері бойынша бірінші орында. Салыстыру үшін айтайық, экономикасы бізден әлдеқайда төмен санаталатын Қырғызстанның өзінде мигранттар саны 7 есе кем. Отандастырымыз көбіне Ресей, Германия және Израильге қоныс аударыпты. Ол түсінікті де. Бұл елдерге тарихи отаным деп репатрианттар көшеді. Ал қаракөздер болса Түркия, Канада, Корея және Американы жағалайды екен.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы
«Қазақстаннан біреу кетіп бара жатқанын естігенде алаңдаймын. Егер біз олар кететін жерге қарағанда жақсы жағдай жасасақ, неге кетуі керек? Не үшін? Сондықтан жергілікті жерлерде әкімдіктер өте мұқият болу керек. Неліктен олар көрші елдердің университеттеріне кетеді? Бізде жақсы болатындай етіп жасау керек. Ең бастысы – үздік білім қажет».

2014 жылы шет ел асқандардың саны 12 мың болса, былтыр бұл көрсеткіш 43 мыңнан асқан. Стратегиялық қоғамдық қорының есебінше олардың 52 пайызы орыстар, екінші орында украиндар және немістер.  Олардың тарихи отандары бар, және негізінен көштің басын солай бұратыны анық. Ал қыр асатындардың 37 пайызы қазақтар екен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button