Қоғам

Айына миллиондап айлық алатын шенеунік халықты тыңдай ма?

4.8
(5)

«Халықты тыңдайтын мемлекет құру» идеясын ұсынған президент Тоқаевтың тапсырмасын төмендегі шенеуніктер іске асыра ма? Мәселе осында.

2020 жыл бүкіл әлем үшін, әр тәуелсіз мемлекет үшін тар жол, тайғақ кешумен өтіп жатыр. Қандай президент болмасын өзінің халқын бұл дерттен аман алып қалу үшін бар күшін салады. Тек 20 миллионға жетер-жетпес халқы бар Қазақстан бұл дерттің қайғысымен, артынан қоса келген дағдарысты еңсере ала ма? Күн тәртібіндегі бұл сұраққа әр мекемеде, әкімшілікте отырған әкімнен бастап шенділер қандай да бір стратегиялық жоспар дайындап отыр ма? Ең қызығы айына миллиондап айлық алатын шенеуніктер халықты тыңдай ма?

Доктор әрі халықаралық каббала академиясының негізін қалаушы Михаэль Лайтман 2018 жылы берген сұқбаттарының бірінде 2020 жылы суперкризис болатыны туралы айтқан.

«Дағдарысты қолдан жасау оңай. Қарапайым банк жүйесі арқылы бір сәтте барлық операцияны тоқтатып тастасаң, адамдар ештеңе істей алмай қалады. Тіпті олардың қолында қолма-қол ақша болса да, пайда жоқ. Себебі дүкендер қаңырап қалады. Олардың иесі тауар әкелуге қорқады. Адамдар өзінің қолындағы ақшаға зат сатып ала алмайтын болса, онда тонау басталады ғой»,- деген ой айтқан.

Жалпы адамзат үлкен бір соққыны алу керек. Мәселе «не үшін алады?» деген сұрақта емес, соған өздерін алып келген қоғамдағы жүйеде болып тұр. Бұл турасында Лайтман былай дейді:

«Егер дағдарыс болмаса, онда соғыс болады. Тек таңдау адамзаттың еншісінде. Не соғыс, не дағдарыс болмайынша, адамға ес кірмейді. Өзгеріс болмайды».

Шындығында 2020 жылы болып жатқан әлемдік пандемия және экономикалық дағдарыс қоғамның өмір сүру формасын өзгертіп жіберген жоқ па?! Тойшыл халықтың түсінігінде «той болмайды» деген сөз үш ұйықтаса да түсіне кірмеген-ді. Алайда бұл үрдіс қалыптасып келеді. Сең қозғалып, халық 42 500 теңге кезінде мемлекеттегі жағдайдың қандай қиын екенін көрді, сезінді.

Халық соққы алу керек. Бұл не үшін?

Лайтманның сөзіне мән берсек, кішкентай ғана соққының өзі үлкен мәселені шешеді. Мысал ретінде көліктің алдыңғы терезесіне тиген шиыршық тасты алайық. Ыршып келіп тиген кішкентай тастан үлкен жарық пайда болады. Ақыры бүкіл бір терезені ауыстыруға тура келеді. Дәл сол секілді адамға да бір соққы керек. Сөзімізде Лайтманның ойымен жалғайық, айналамызда қанша проблема боп жатыр. Индонезиядағы жер сілкінісі, АҚШ-тағы өртке оранған орман, Жерорта теңізінде суға кеткен адамдар… Осыларға солардың туысынан басқа кімнің жаны ашиды.? Тіпті олардың қазасы қалтасында ақшасы барларға керек те емес. Олар бұл мәселеге бас қатыру үшін жеп отырған нанынан айырылуы керек. Сол кезде барып «не істеймін?» деген ой пайда болады-мыс.

Шындығында, біздің үкіметте отырған депутаттардың айлық жалақысы бір миллион теңгеге барып жығылады. Біз оларды «халықтың жағдайын жеткізеді» деп сайладық. Алайда олай емес екенін депутат Божко өз сөзімен-ақ дәлелдеп берген секілді. Ендеше бізді кім құтқарады? Біз кімнен көмек сұраймыз?

«Дағдарыс – адамдардың ақылға келуі. Біз айналамызға қарап, бір-бірімізбен тығыз байланыс орнатқан кезде барып ешқандай дағдарыс болмайды»,- дейді доктор.

Бұл теорияны қазір көзбен көріп жатырмыз. Мемлекет қамтамасыз ете алмаған бюджеттің шағын бөлігін болсын халық өзі жиып берді. Оттегі құрылғыларын шетелден алып, аймақтарға тасыды. Басы-қасында жүрген кәсіпкерлер мен жанашыр жандардың арқасында елдің үкіметтен гөрі үміті өздеріне қарай ауды. Халықты тек халық тыңдайтынын түсінген қоғам пайда болғандай. Тегінде «мемлекет халықты тыңдауы» керек еді…

Қорыта келгенде, мемлекет халықтың шырылын тыңдау үшін, айына миллиондап айлық алып, жеке бастың қамын күйіттеп жүрген шенділердің бәрі дерлік жеп отырған нанынан айырылып көру керек. Олар аштықтың және несие алып қарызға батудың шындығында қандай ауыр екенін сезінуі тиіс. Ал бұл жолды таңдауға аяқ тартпаса, онда ақылға келсін. Әйтпесе сыздауық секілді сыздап тұрған қоғамдағы жемқорлық дерті, біз қорқып жүрген коронавирусты бұйым көрмейді.

Марғұлан АҚАН

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.8 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close