Қоғам

Қуат Найман әлемде 200 000 аса адам қайтыс болған коронавирусты жоққа шығарды

0
(0)


Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов желіде коронавирус инфекциясының жоқ екенін айтып, жазба қалдырды.

Ел арасында «Найман» лақап атымен талылған ММА шебері өз жазбасын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Достар, коронавирус туралы тақырыпты жабайық! Біріншіден, егер вирустың бары рас болса, үш айда кем дегенде Алматының жартысы өліп қалар еді. Ал максимум бұл — Барахолка мен Жаркент. Себебі коронавирус желтоқсан айында пайда болған…

Екіншіден, бізге кешірек келді, ал елімізде медицина өлген, олар әлі күнге дейін басқа аурулардың нақты белгілерін анықтай алмай жатыр. Бұл дәрігерлердің кінәсі емес, бізде осындай жүйе.

Үшіншіден, біліп қойыңыздар, вирус жайлы айтып, дүрлігіп жатқан елдерде саяси проблемалар бар және олар халық көшеге шығып кетпес үшін осы сәтті өз жағына тиімді пайдаланып отыр! Экономика, сайлаулар, доллар көтерілді, билік үшін күрес, мұнай өлді дегендей.

Төртіншіден, маған жоқ вирус жайлы жазып, қайта-қайта сұрауды доғарыңыздар!», — деді Қуат Хамитов.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Back to top button