Күйеуім соңғы ақшасын ұтысқа тігіп, қарызға кірді

 1,021 

Оңай жерде ақша таппақ болған күйеуі әлеуметтік желіде ұтысқа қатысып, қаржыдан қағылған. Әндерін сүйіп тыңдайтын әншіге сеніп, соңғы ақшасын ұтысқа тіккен. Келесі айлыққа дейінгі жұмысқа барып келетін жол ақысынан бір сәтте айырылған азаматтың келіншегі NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісіне мұңын шақты.
«Жұмыстан қайтып келе жатып, күйеуім жолдасымен бірге көлікте әңгімелесіп қалады. «Пәленше Түгеншеев әнші күшті ойын ойнатып жатыр. Бағыңды сынап көрсейші. Мүмкін көлік ұтып аларсың. Болмаса бір айлыққа қайдан сатып аласың?» деп досы қолқа салады. Ұтысқа небәрі 10 мың теңге төлеп, кез-келген адам қатыса алады екен. Оңай олжаға ойы кеткен күйеуім ойланбастан, қалтасындағы келесі айға дейінгі жұмысқа баруға жұмсайтын жолақасын, түгел ұтысқа аудара салады. Бір-екі күнде тікелей эфирді күтіп отырады. Мол қаржыға батамын деп ойлаған олар, алаяқтардың құрбаны болғанын есітеді. «Батпан құйрықты» батамын деп ойлаған жұбайым, күніге жұмысына, қарыз алып қатынап жүр.

Бөлісу: