Қоғам

Kaspi.kz-тегі ақау туралы маман пікірі: Қолданушылар не істемеу керек?

5
(1)

Kaspi.kz-те ақау шыққан жағдайда не істеу керектігі белгілі болды. Бұл туралы киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Евгений Питолин «Хабар 24» телеарнасына айтып берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Халықаралық антивирус компаниясының басқарушы директорының айтуынша, ең алдымен мұндай жағдайларда банк бағдарламасына немесе сайтқа қайта-қайта кіре берудің қажеті жоқ, бұл мамандарға ақауды реттеуге кедергі келтіреді.

Сарапшы шабуыл жасалғаны және картадағы ақшаның жоғалып кеткені туралы хабарламаларды таратпауға да кеңес берді. Мұндай сәтте адамдарда үрей туып, интернет-алаяқтар бұл жағдайды пайдаланып кетуі мүмкін.

Питолин Kaspi.kz-тегідей болған жағдайда қолданушылар сабыр сақтап, мамандарға жағдайды реттеуге уақыт беру керегін айтады. Оның пікірінше, мұндай техникалық ақау кез келген қаржы саласында болуы мүмкін.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close