Қоғам

Күйеуі мен балаларын басқа еркекке айрыбастаған әйелдер көбейді

3.4
(12)

Әйелінің көзіне шөп салып, некесіне адал болмайтын еркектер жайлы айтылса таңғалатын жан некен-саяқ. Ал өз балаларын күйеуіне тастап, өзгемен көңіл жарастырған нәзік жандар көбейді десе сенесіз бе? Зерттеулерге сүйенсек, елімізде мұндай жайттар 40 пайызға артқан екен. Отағасының мойнына бар жауапкершілікті жүктеген бұрымдылар ұл-қызына да бұрылып қарамайды екен. Олар осылайша бақыт іздеді ме, әлде бала бағып, ата-ене күтуден шаршады ма? Бұл туралы NewsRoom+ тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әдетте ерлер қауымы адал болмайды, опасыздыққа көп барады деген түсінік қалыптасқан. Қазір бұл жағдай әйелдердің арасында да белең алып барады екен. Нәзік жандылардың ерінің көзіне шөп салып,  мейрамханада осылай бөтен еркекпен көңіл қосуы әдеттегі жағдайға айналып бара жатқандай.

Иә, көпке топырақ шашпаймыз. Елімізде 30-40 пайыз әйел ерінің көзіне шөп салады. Зерттеулердің нәтижесі осындай. Бұл туралы психологтар да дабыл қағуда. Барлық мәселе ерлердің жұбайына зат сияқты қарап, көңіл бөлмеуінен туындайды. Бүгінгідей техника, әлеуметтік желі дамыған заманда «көзге шөп салудың» еш қиындығы жоқ, тіпті оған бала да кедергі бола алмайды, дейді.

ЕРЖАН МЫРЗАБАЕВ, ОТБАСЫЛЫҚ ПСИХОЛОГ:
«Бұрын көзге шөп салу бұл еркектерге тән қасиет ретінде көрінетін еді. 30-40 процент әйелдер көзге шөп салуы мүмкін деген статистика шындыққа жақын. Маған сондай шағыммен түскен клиенттерім болды. Әйел кісілер күйеулерін алдаған, көзіне шөп салған негізі бұның астарында өте үлкен қателік  бұл әйелдің құмарлық іздеуі деп ойлайды. Күйеуінен сол ілтипатты көрмей, сол вниманиені көрмей аштықты қанағаттандыру мақсатында әйелдер соған қызығады. Содан кейін  басқа түрлі қарым-қатынасқа жыныстық қатынасқа, төсек қатынасына ұласып кетеді. Негізі бастапқыда көңіл внимание жетіспегеннен болады».

Мәселен, әйелінің опасыздығынан 16 жыл айрандай ұйып отқан отбасы ойран болған. Сержанның әйелі бес баласына қарамастан басқа еркектің соңынан кете барыпты. Тіпті, көңілдесінің көңілі үшін, бір жарым жасар сәбиі кедергі бола алмады деп қынжылды жалғызбасты әке.

СЕРЖАН МҰҚАНОВ, ЖАЛҒЫЗБАСТЫ  ӘКЕ:
«2016-да августың 29-да кетіп қалды жолдасым. Бір еркекпен кетіп қалды ғой енді шөп салып көзіме. Заңды түрде ажырасып. Мен тастаймын балаларды деп кетті. Қазір бес баламен өзім отырмын.
Ал, клиникалық психо-сексолог әйелі күйеуінен психоэмоциональды қолдау көрмейтін болса, күйеуіне реніші және материалдық жағдайы төмен болса, бұл жағдайлар көзге шөп салуға әкеледі және мұның барлығы отбасы институтының әлсіз болып бара жатқандығынан туындап отыр деген пікірде.

ВЕНЕРА ТЕЛЖАН, КЛИНИКАЛЫҚ  ПСИХО-СЕКСОЛОГ:
«Әр әйелді, әр отбасын индивидуалды түрде қарастыруымыз керек. Жаппай бәріне міне қазіргі таңда әйелдер ерінің көзіне шөп салып жатыр деп айта алмаймыз. Өйткені, ол индивидуалды жағдай. Бізде әлі де ер мен әйел жұп құрғаннан кейін анық, ашық сөйлесе алмайтын отбасылар өте көп. Әйел адамның тұлғасы биофизикалық тұрғыдан қарағанда ол да кәдімгідей өзінің денсаулығын жақсарту мақсатында, әрі қарай дамыту мақсатында оның сексуалдық талаптары орындалуы тиіс. Ондай талаптар орындалмай жатқан кезде де әйел адамның көңілі басқа жаққа ауып кетуі де мүмкін».

Қоғам белсендісі әйел затының мұндай опасыздыққа баруын еш ақтап алуға келмейді, дейді

ҚАРЛЫҒАШ БЕКПАТША, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:
«Қазақ әйелдерінің мұндай азғындыққа ұшырауы бір қора баланы тастап басқа күйеуге қашып кетуі  не болмаса азғындық жолға түсіп күйеуінің көзіне шөп салуы бұның барлығы бұл енді айтылып та, жазылып та жүрген оқиға. Бұл енді адамдардың аз күндік қиындыққа төзе алмауы. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді дейді. Біреу барлықты көтере алмайды, біреу жоқтықты көтере алмайды. Сол имани тәрбиенің жетіспеуі».

Мамандардың айуынша мұндай жағдай туындамас үшін отбасы институтын нығайтып, ер мен әйел үйленбей тұрып жұбайлық өмірге дайын болу керек дейді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.4 / 5. Бағалар саны: 12

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close