Қоғам

Ұлттық академиялық кітапхана қоры сирек кездесетін ерекше басылыммен толықты

0
(0)

Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Байменов кітапхана қорына сирек кітап сыйлады. Бұл жануарлар әлемі туралы энциклопедия – «Хаяту Хаяван» – حیاة الحیوان- 14 ғасырда Мысырда белгілі ғалымы Абу Бака Камалуддин Мухаммед ибн Мұса Иса ибн Али араб тіліндегі, «насх» каллиграфиялық жазумен жазған.

1900 жылы энциклопедия Қазанда Императорлық университет баспасында қайта басылған. Осы басылымның бір данасы кітапханаға ұсынылды. Оны қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығы жүргізді.

Онлайн режимде  таңғажайып энциклопедияның тұсаукесері өтті. Көрермендерге кітапты таныстыруда Әлихан Мұхамедиұлы тікелей эфирде басқа да өзекті мәселелерді көтерді. Қызықты, мазмұнды әңгімелер айтып, көрермендердің барлық сұрақтарына жауап берді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close