Карантинде той берген жоқ, қой берді

 130 

Қазақ қашаннан қайырымды халық. Құтты қонағы келсе, қорасындағы соңғы қойын сойып беруге әзір. Өйткені қазақ «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген қағидаға құдайдайындай сенеді.
Иә, мына аумалы-төкпелі заман қазақтың пейілін алмапты.Біз соған күн сайын көз жеткізіп келеміз. Бұған мыңда бір шүкір айтамыз.

Бүгін Шардара ауданында ерекше қайырымдылық шарасы ұйымдастырылыпты. Шардаралық кәсіпкер Нимәділлә Абдуллаев қасиетті Рамазан айында 21 қойды зекет ретінде көмекке мұқтаж, мүгедек және көпбалалы отбасыларға үлестіріп беріпті. Бір қызығы, кәсіпкер қойларды сойып таратып бермеген. Тірідей үлестіріпті. Ондағы ойы-тұрғындардың ауызашар беруіне яғни, қажетті кезінде союына, құрбан шалуына сеп болсын деген ниеті шығар деп топшыладық. Әрине, Рамазан айында жасаған мұндай сауаптың шапағаты көп болары сөзсіз. Қорасындағы бір қойы жоғалып кетсе,ел арлап он күн күдер үзбей іздеу салатын заманда бақандай 21 тоқтысын тегін үлестіріп беру екінің бірінің,тіпті оннан бір адамның қолынан келе бермейді. Ендеше, той бермей,халыққа қой берген азаматқа Алланың нұры жаусынан басқа айтарымыз жоқ.

Жаны жомарт азаматтар көп болғай!

Айдар Сейдазымның желідегі жазбасы.

 NewsRoom+ақпарат агенттігі.

Бөлісу: