Қоғам

Коронавирус індеті өршіген кезде шетелде 5 мың қазақстандық қыдырып жүр

0
(0)

Қазір шетелде 5 мыңға жуық қазақстандық қыдырып жүр екен. Трэвэл агенттіктер қараша айына да билеттер қалмағанын айтады. Ең қызығы, дәл осы шетелден келіп жатқандар арасында коронавирус тіркелуде. Тіпті, кей пысықайлар заңға бағынбай тестсіз елдің шекарасын аттамақ болған. Сонымен, олар кімдер? Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыдан екі ай бұрын бірқатар елмен арадағы әуе рейстеріне қайта рұқсат беріліп еді қазақстандықтар жаппай шетелге ұша бастады. Олардың қатарында елімізге белгілі шоу бизнес өкілдері де бар. Бүгінде сахна саңылақтарының бірі Стамбұлда, өзгесі Мысыр еліндегі суреттерін жаппай әлеуметтік желіге жариялап әлек.

Айқын, Жұлдыз Өмірғали, танымал вайнерлер де биылғы демалыстарын Қызыл теңізде өткізуде.

Ал жуырда ғана шаңырақ көтерген Әли Оқапов Стамбұлда демалып жатыр екен. Шетелді әбден сағыныпты.

«Демалыс өте жақсы өтуде. Өйткені біріншіден осы жылы ешбір шетелге шығуға мүмкіндік болмаған соң әрине өте үлкен сағыныш болды. Басқа елді көріп аралау деген. Сондықтан алғашқы шетелге шығуымыз болған соң әрине ерекше өтті. Әсіресе Стамбұл әсіресе Түркия  біз бұл қалаға екінші рет келіп тұрмыз. Осыдан 2 жыл бұрын алғашқы рет болғанбыз. Енді бүкіл Стамбұлды аралап шығуға 1 айдың өзі жеткіліксіз. Солай осылай жәймен жүрудеміз», – дейді әнші Әли ОҚАПОВ.

Сандарға сенсек, соңғы екі айда Араб Әмірлігіне 42 мың, Түркияға шамамен 12 мың қазақстандық барған. Сұраныста  Мысыр мен Түркия, дейді мамандар.

«Шетелде демалу мақсатымен бар қазақстандықтар саны 4461. Бұл көбінесе Мысыр Республикасында және Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия Республикасы осы үш куррорттық елде көбінесе қазақстандықтар демалуда», – дейді туристік қамқор корпоративтік қорының директоры Асылхан ЕСІЛОВ.

Ең қызығы дәл осы мемлекеттен келген туристерден  коронавирус анықталуда. Көш басында Мысыр елі.

«Шарм-әл-Шейхтан келетіндер арасында анықталғанын айтты. Яғни Египеттен келгендер арасында 14 жағдай тіркелген. Түркияның Анталия, Стамбұл қаласынан келген 8 азаматтан вирус анықталған. Ал Дубайға барып келгендер арасында 6 жағдай тіркелген», – дейді Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек БЕКШИН.

Қазір шетелдегі эпидахуал мәз емес. АҚТШ-та күн сайын 80-90 мың, Франция 30 мың, Португалия, Испания, Германияда 15 мың адамнан жұпалы індет тіркелуде. Мәселен Италияда оқып жатқан қазақстандық студент Ержан Сыдықтың айтуынша, ол елде короанвирустың екінші толқыны халықты әбігерге салуда.

«Эпидемиологиялық ситуация Италияда жақсы емес. Себебі күніне 17 000-18 000 адамнан қосылып жатыр динамика қатты болып тұр. Және де қазіргі таңда сіз айтпақшы коммендантский час енгізілді. Осы айдың 23- інен бастап түнгі 12 ден таңғы 5 аралығында үйден шығуға рұқсат етілмейді. Шықса адамға белгілі бір мөлшерде, соммада шраф қойылуы мүмкін», – дейді студент Ержан СЫДЫҚ.

Айта кетейік, елімізге  ПТР-анықтамасыз келетін жолаушылардың саны да азаяр емес.  Күні кеше  шетелден 10 халықаралық рейспен 1274 жолаушы ұшып келген. Олардың 1 110-да тиіст тест анықтамасы бар болса,  164 азаматта болмаған. Ал бұдан былай шет елдерден ПТР-анықтамасыз жолаушы тасымалдаған әуе компаниялары жауапқа тартылатын болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close