Қоғам

Ұсқынсыз болып туылғаны үшін анасы бас тартқан жігіттің тағдыры

5
(1)

Әр пенденің тағдыры әрқилы. Ананың құрсағында жатқанда-ақ пешенесіне қалай өмір сүретіні жазылып қояды екен. Кейбір жандар дүниеге келген соң, жарымжан болып туғандығы үшін сары уайымға салынып, құса болуы мүмкін. Бүгін біз кемтар болып дүние есігін ашқанына қарамастан, тағдырға бойұсынбай, күресе білген жан туралы әңгімелейтін боламыз, деп хабарлайды  NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.

Ағылшындық Джоно Ланкастер шыр етіп, дүниеге келгеннен бастап, тағдырдың тәлкегіне ұшыраған жандардың бірі. Жаңа туылған нәрестеден анасы перзентханада-ақ бас тартқан екен. Себебі сәби сирек кездесетін Тричер Коллинз синдромымен туылған. Ол тума ауру, яғни бет, жақ сүйектерінің генетикалық бұзылуы. Анасының құрсағында жатып-ақ, бет-әлпеті дұрыс дамымаған. Ұсқынсыз әлпетімен сырт көзге қорқынышты көрінуі мүмкін.

Дәрігерлер нәрестені Джоно деп атап кеткен. Анасы бас тартқан кемтар сәби, перзентханадан балалар үйіне өткізіледі. Барлық өмірі солай өтіп кетер ма еді, кім білсін?! Алайда «қорқынышты түріне» қарамастан, баласыз жас отбасы Джононы асырап алады. Осылайша ол туылғалы көрмеген махаббат пен күтімді сезіп өседі. Ата-анасының мейірімі жеткілікті болғанымен, көшедегілердің шошына қарауы, бала көңіліне қаяу түсіретіні анық. Өзге балалармен достасудың қиынға соғады.

Мектеп оқушысы кезде де қиындықтар көбеймесе азаймайды. Бет-әлпетін өзгертуге түрлі операциялар да жәрдемдеспейді. Жігіт 20 жасқа толғаннан кейін, өзін қалай болса, солай қабылдау керектігін түсінеді. Ол өміріне түбегейлі өзгеріс енгізеді.

Спортпен шұғылданып, бармен болып жұмысқа орналасады. Бүгінде Джоно әлеуметтік желіде өте белсенді. Тапқан табысын дерлік қайырымдылыққа жұмсайды. Өзі секілді кемтар болып туылған балаларға көмек қолын созып отырады. Сүйіктісін кездестіріп, болашақта үйлену жоспарында. Адамның сұлулығы түрінде емес, жан-дүниесінде екенін іштей сезеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close