Қоғам

Адам өлтірді деген күдікке ілінген Марлен Нұрғасеновқа қатысты сот үкімі шықты

4.3
(87)

Осыдан екі ай бұрын көпке үлгі қос ғашық ретінде танылған жұп даудың астында қалған еді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Құлсарының 25 жастағы тұрғыны Марлен Нұрғасенов қылмыс жасады деген айып тағылды. Әлеуметтік желілерде жас жігітті полиция іздестіріп жатқаны туралы ақпар тарады.

Оқи отырыңыз: Көпке үлгі қос ғашық: Атыраулық жігіт кісі өлтірді деген күдікке ілінді

Ақпаратқа сәйкес, жас жігіт қасақана кісі өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салды деген күдікке ілінген болатын.

Алайда күдіктінің сүйіктісі Анель өз инстаграм парақшасында Марленнің толықтай ақталып, бостандыққа шыққандығы туралы қуанышты хабарымен бөлісті.

Қазақстанда әділдік жоқ екендігін айтып, өкінішті өтініш хабарын жариялап, жұртты елең еткізді.

«БІЗДЕ ӘДІЛДІК ЖОҚ! Өйткені қасындағы куәгерлер Марленді танып бірден Марлен ұрды деп жалған ақпарат таратады. Марлен кетіп қалғаны рас, адвокатсыз келгісі келмеді. Аз уақыттан кейін ойлағанымыз шын болады, Марлен ұрды деп қасындағы бажасымен дос баласы түсініктеме береді! Осы “типа” дәлелмен Марленге санкция беріп жібереді! Санкция Марленді күдікті ретінде қамауға алынатын соттын шешімі!»

Марлен құзырлы органдардың қолына түскеннен кейін полиция қызметкерлері оған «кінәңді мойында» деп дөрекілік танытқанында жазған.

«Марлен Аллаһтын атымен ант етіп қаза болған жігітке қол ұшы тимегенін айтады. Әрине ант еткені дәлел емес.. “Мойында” дейді іштегілер Марленге!»

Қуанышқа орай, қылмысқа қатысты тың ақпарлар шығып Марленнің кінәсіз екендігі толықтай анықталады. Оқиға орнынан түсірілген әуесқой видео пайда болып, оның ішінде күдіктінің ешқандай жазығы жоқ екендігі анық көрсетілген.

«Балконнан бір кісі түсірген видео бар екен. Аллаһ ӘДІЛғой субһанАллаһ. Сол видеода Марленнің марқұмға қол ұшы тимегені, ҰРМАҒАНЫ айдан анық көрініп тұр. Аллаһқа мында бір шүкір бұл видео табылғанына. Видео шыққасын барлық іс 180 градуска өзгереді. Марленге қарсы түсініктеме берген куагерлер кешірім сұрап барлығын өз еркіндерімен өзгертеді».

Бұл іс ақшамен шешілді деген қауесетке де Марленнің сүйіктісі Анель нақты жауабын жазды.

«Негізі төбелесті бастаған марқұмнын бажасы,өзі ұрып төбелес бастаған. БАРЛЫҚ ВИДЕО ДӘЛЕЛ ІС ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫН ҚОЛЫНДА.
Мені қарғап жүргендер, ақшамен шешілді, өтірік әнгіме таратып жүргендер және істін анық-қанығын біліп алмай жалған ақпарат таратып жүргендер, ЕНДІГІ ШЫН АҚПАРАТ КЕРЕК БОЛСА- Жылыой ауданы, Құлсары қаласынын РОВД-ға барып сұрасаңыздар сіздерге толық видеоны, істің мән-жәйін барлығын көрсетеді».

Марқұмның туған туыстарына сабыр тілеп, кешірім сұраған қос ғашық жұрттың көкейінде жүрген барлық сұрақтарға толықтай жауап берді.

«Марқұмнын отбасынан кешірім сұрап сабырлық тілеймін, жатқан жері жайлы болсын».

 

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 87

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close